Торайғыров университетінде "AMANAT" партиясының бастамасымен бастауыш партия ұйымдарының жиналысы өтті.

 


 

 

ЖОО қызметкерлері мен партиялықтар партияның саяси платформасының жобасын талқылап, "AMANAT" Павлодар қалалық филиалының конференциясына делегат сайлады.

 

Партияның саяси платформасының жобасын түсіндіру туралы әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедрасының қауымдастырылған профессоры Салтанат Аубакирова, әлеуметтік – саяси зерттеулер институтының директоры Ильдар Калиев және құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Болат Олжабаев сөз сөйледі.

 

Сондай-ақ,талқылауға партия мүшелері Нұрлан Ержанов, Ирина Чидунчи және Ертарғын Шахман қатысты.

 

Жиналыс қорытындысы бойынша бірауыздан "AMANAT" партиясы Павлодар қалалық филиалының конференциясына делегат болып ТoU жастар саясаты, әлеуметтік және шаруашылық мәселелері жөніндегі басқарма мүшесі – Ертарғын Шахман сайланды.