Торайғыров университеті «Бургас еркін университетімен» және «Проф. д-р. Ассен Златаров» университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

 


International Office директоры Айганым Карибаева қала әкімі Асаин Байхановтың басшылығымен Павлодар қаласы делегациясының ресми сапары аясында қала делегациясының ресми құрамына кіріп, Бургас қаласында (Болгария) ЖОО атынан қатысты.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жасалған меморандум студенттер мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығы, рейтингтік журналдарда бірлескен жарияланымдар, ғылыми тағылымдамалар бағыттары бойынша ғылыми және білім беру қызметін іске асыратын болады.