Торайғыров университетінің музей кешені Алматыдағы көрмеде ұсынылды. 

Өткен демалыс күні «Дос-Мұқсасан» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына және қала күніне арналған «Алматы түні» көрмесі ашылды. 
ToU жоғары оқу орнындағы музейдің құнды жәдігерлерін ұсынып, көрмені жасауға көмектесті. Ансамбль қатысушылары алғашқы музей 2008 жылы ректордың бастамасымен Павлодар мемлекеттік университетінде ашылғанын атап өтті. Тұсаукесер аты аңызға айналған топтың 40 жылдығына орайластырылды. Сондықтан, алғашқы костюмдер, музыкалық аспаптар мен өзге де жеке заттар университеттің музей кешеніне тапсырылды. 
Музей кешені Құрмет грамоталарымен марапатталды.