Талант-менеджмент орталығы университеттің HR-қызметімен бірлесе отырып, университеттің жаңа қызметкерлерімен "онбординг" форматында кездесу өткізді. 

Кездесудің модераторы болған HR-қызметінің директоры Анар Жәкішева ішкі нормативтік құжаттарды ұсынды. Серік Ілиясов университеттің миссиясы мен стратегиясы туралы айтып, жұмысты жаңадан бастаушыларға ToU құрылымын аккредиттеу және сапа менеджменті жүйесін түсіндірді. Университеттің академиялық қызметі туралы Басқарма мүшесі Петр Быков хабарлады.

Сондай-ақ, акт залында университеттің басқа бөлімшелерінің өкілдері сөз сөйледі. Комплаенс қызметінің қызметкерлері әріптестерін ЖОО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы хабардар етті, IT – HUB қызметкерлері білім беру порталы туралы, Beisembayev Library өкілдері кітапхана мен коворкинг жұмысы туралы, ал қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер жұмыс орнындағы қауіпсіздік туралы айтып берді.

ToU ішін жылдам шарлау үшін жаңа әріптестерге бейне жадынама ұсынылды.