Торайғыров университетінің ұжымы бірінші курс студенттерін қарсы алып, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. 
ЖОО ректоры Еркін Садықов жиналғандар алдында сөз алып, студенттерді Торайғыров университетін таңдағандары үшін алғыс айтты. 

- Торайғыров университетінің ұраны "ToU for YOU" екенін білесіздер. Яғни, біздің басты назарымыз – студент. Бүгін университет бойынша таныстыру экскурсиясы өтеді. Сіздер дұрыс таңдау жасағандарыңызға көз жеткізесіздер. 
Бірінші курс студенттері үшін экскурсия ұйымдастырылды. Ал факультет декандары алдағы оқу туралы айтып берді.