Баянауылдағы Торайғыров университетінің демалыс базасында «Мың жаса» – проект будущего» екі күндік диалог алаңы өтті. Оған Павлодар, Екібастұз, Павлодар, Баянауыл аудандары мен Аққулы ауданының жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

 

 

Кездесуді халықаралық антиядролық жастар альянсының (ХАЖА) Павлодар бөлімшесі, «Невада-Семей» қозғалысының жастар қанаты және «Самал» балаларды оңалту орталығы ұйымдастырды. Іс-шараның бас спикері ХАЖА облыстық үйлестірушісі мен "Самал" орталығының психологы Алина Вязова болды. Ол Қазақстандағы заманауи жастар бітімгершілік қызметі туралы өз көзқарасымен бөлісті. «Самал» орталығының басшысы Зинаида Багненко елдегі жастар бітімгершілік қозғалысының тарихы туралы айтып берді. 

- Жастармен жұмыс істеу керек, әсіресе осы мазасыз уақытта оның дұрыс түсініктерін қалыптастыру үшін. Кейін кеш болмас үшін біз бәрін алдын - ала ойластырып, негативтің алдын-алуымыз керек, - дейді 30 жылдан бері бітімгершілікпен айналысып келе жатқан Зинаида Багненко.

Диалог алаңына қатысушылар ХАЖА қызметі мен «Мың жаса» жобасының тұсаукесері мен фильмін көріп, қажетті әдебиеттерді алды. Келесі кездесуде жастар бітімгершілік қызметті республикалық және халықаралық деңгейлерге шығару үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеуге келісті.