Торайғыров университетінде Экономика және құқық факультетінің студенттеріне дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.

Түлектерді ерекше үлгідегі дипломдармен құттықтап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының Павлодар облысы бойынша бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов құттықтады. Бұл ведомство кадрлар даярлауда ЖОО-ның серіктесі болып табылады. 

Сондай-ақ, жас мамандарды факультет деканы Юрий Колесников, кафедра меңгерушілері мен ата-аналары құттықтады.

Естеріңізге сала кетейік, ToU студенттері Павлодар мен жалпы еліміздің үздік мекемелерінде тәжірибеден өтуде. Жас мамандар экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару және құқықтану салаларында іргелі білім алды.