Торайғыров университетінде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттеріне дипломдар табысталды. 

Биыл факультетті бакалавриаттың 18 және магистратураның 22 оқу бағдарламасы бойынша 424 түлек тәмамдады. 14 студент ерекше үлгідегі құжатқа ие болды. 
Диплом иелерін университеттіңҒылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Басқарма мүшесі - проректор Нұрлан Ержанов құттықтады. 
- Факультеттің басты мақсаты – Павлодар облысын жоғары білікті кадрлармен қамту. Біздің студенттер түрлі бағыттағы білімдерімен мақтана алады. Сіздер мәдениет және өнер, тіл саясаты, әлеуметтік қамту және психология, бұқаралық ақпарат құралдары және кітапхана ісі және өзге де салаларда еңбек етесіздер, - деді Нұрлан Ержанов. 
Жас мамандарды факультет деканы Әмірғали Бегімтаев пен кафедралар меңгерушілері құттықтады. Ал Торайғыров университетінің студенттік филармониясы мерекелік концерт ұйымдастырды.
Биыл университетті 2680 түлек тәмамдады. Олардың 2036-сы бакалавриаттың 70 оқу бағдарламасы, 627 –сі магистратураның 112  оқу бағдарламасы және 17-сі докторантураның 15 оқу бағдарламасы бойынша білім алды.