Торайғыров университеті жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының жұмысы республикалық деңгейде аталып өтілді.

Жуырда «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеялары кафедралары Қауымдастығының отырысы өтті. Шарада ToU ҚХА кафедрасының меңгерушісі Арман Ақышев баяндама жасады. Баяндама «Жаңа Қазақстан» міндеттерін орындаудағы кафедраның жұмысына арналды.

ҚР Президенті әкімшілігі жанындағы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзізханов Торайғыров университетінің ҚХА кафедрасының жұмысына бағасын беріп, Арман Ақышев пен Е. Бекмаханов атындағы мәдениет, тарих және өлке тарихын зерттеу ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Амантай Құдабаевқа Алғыс хат табыс етті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Алғыс хатымен Павлодар облысы бойынша ҚХА кафедраларының қызметі жөніндегі куратор Владимир Берковский марапатталды.