Торайғыров университетінде жасанды ұрықтандыру және эмбриондар бойынша ирландиялық маман Шон Крамм дәріс оқыды.

Ол бұл тақырыппен  көп жылдан бері айналысып келеді. Сонымен қатар, жоғарыгенді бұқаларды шығару бағдарламасына жауап береді. Маман «AL Total Kazakhstan» ЖШС-мен серіктестік қарым-қатынаста. Шон Крамм  бұқаларды өсіру, жасанды ұрықтандыру және малды шаруашылықтың қажеттіліктеріне қарай бейімдеу бойынша көмек көрсетеді.

Еске сала кетсек, Торайғыров университетінің ғалымдары  «Ақжар-Өндіріс агрофирмасы»  ЖШС-нің мамандарымен мал шаруашылығында селекциялық жұмыс және қойларды селекциялық ұрықтандыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.