Бүгін Торайғыров университеті Ұлыстың ұлы күнін атап өтті.  Қонақтарды студенттік филармонияның әртістері қарсы алды. Олар ән мен биден шашу шашты.

 

 

Мерекелік алаңдарда кір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күрес, асық ату жарыстары өтті. 

Жиналған қауым қуырдақ, палау мен бауырсақтан дәм татты. Наурыз көже де ұсынылды. 

Университеттік мерекеге шетелдік студенттер де қатысты.  Оларға қазақ дәстүрлері мен Наурыз мерекесінің ерекшеліктері туралы айтылды.