Торайғыров университеті мен Еуразиялық банк серіктестік жөніндегі келісімге қол қойды. Банк қызметкерлерінің жоғары оқу орындарында дәріс оқуы қос тараптың өзара әрекеттестігінің бір мысалы.

Еуразиялық банк директорының орынбасары Ербол Жылқайдаров «Қаржы және есеп» кафедрасының студенттеріне ашық дәріс оқыды.

Ербол Жылқайдаров ҚР-ның банктік жүйесінің қазіргі жағдайы, жеке және заңды тұлғаларды несиелендіру, сонымен қатар, банк қызметкерінің маманы қандай болу керек деген мәселелерге тоқталды. Нақтырақ айтқанда, қызметкер білімді болумен қатар, жемісті еңбек ету үшін жеке қасиеттерге ие болған жөн.