Торайғыров университетінде «Металлургия» бағыты бойынша диссертациялық кеңес ашылды.

Бұл - инженерия факультеті мен кафедра ғалымдарының көп жылғы еңбегінің нәтижесі. Бұған дейін аталған мамандық бойынша кеңес Алматы мен Қарағандыда ғана болған еді. Қазіргі таңда  бес докторант білім алып жатыр, төртеуі диссертациялық жұмыстарын аяқтауда. Олар жұмыстарын өзіміздің кеңес шеңберінде қорғайды. Сонымен қатар, көршілес оқу орындарының докторанттары келеді деп күтілуде.

Оқу орнында докторантураның 15 мамандығы бойынша білім беріледі. Бес диссертациялық кеңес бар: педагогика, психология, биология, электр энергетикасы, көлік, көліктік техника және технологиялар, металлургия.

PhD докторларын даярлау бойынша бағыттар қатарында аударма ісі, филология, экономика, металл өңдеу, металлургиялық инженерия, биотехнология жане тағы басқалары бар. Алдағы уақытта ізденушілер заңтану және құрылыс мамандықтары бойынша да оқи алады.