Торайғыров университетінде «Павлодар студенттерінің Альянсы» алғашқы студенттік слеттің салтанатты ашылуы өтті. Келген қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов, жастар ұйымдары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қарсы алды..

Қатысушылар "Альянс" студенттік инста-сериялының алғашқы көрермендері болды, оны белсенділер толығымен өз күштерімен түсірді.

«Түсірілімде әр түрлі эмоциялар сезілді: бұл қуаныш, күлкі мен қайғы, жүйке мен күйік. Сценарий жазуда да, аппаратура бойынша да қиындықтар болды, бірақ біздің команда барлығын ойдағыдай орындап шықты», – деп атап өтті режиссер Дәурен Шәріпов.

Сонымен қатар,  Павлодар қаласындағы үш жоғары оқу орнындағы студенттік ұйымдардың белсенділері мен волонтерлері марапатталды.

Қазақстан студенттерінің Альянсы – ел студенттерін біріктірген ірі республикалық қозғалыс. Жастар студенттердің құқықтарын қорғап, белсенді студенттік өмірге тартуда.