Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30: OPEN TO NEW» республикалық турнирі аяқталды.

Өскемен, Семей және Павлодар қалаларының студенттері өз пікірлерін үш тілде жеткізді.

Тегін білім беру, гендерлік саясат, отансүйгіштік, ұлттық қорды тиімді пайдалану тақырыптарында ой қозғады. Жапонияға тасталған атом бомбасы және өзге де тақырыпта әңгіме айтылды.

Турнир қорытындысы бойынша екінші орын мен 200 мың теңге көлеміндегі сертификатқа "Президент" клубының дебатшылары ие болды. Семейлік "Салауат" командасынан ұтылып қалды.

«30: OPEN TO NEW» дебаттық марафоны тағы екі аймақта өтіп, Нұр-Сұлтан қаласында аяқталады.