Торайғыров университетінің студенттері Рустам Қабден, Молдаахмет Тоғжанов, Гүлдана Теміршот Student Energy Challenge-2021 республикалық байқауының жеңімпаздары атанды.

Student Energy Challenge –жыл сайынғы зияткерлік байқау. Жоғары оқу орындарының студенттері энергетикалық мәселелерді шешуге бағытталған иедяларын ұсынады.

Байқауға 12 ЖОО қатысты. Ұйымдастырушылар жүлделі орындарды беруден бас тартып, үш команданы үздік деп таныды. Осы жылы жеңімпаздар 2021 жылдың қазаны мен 2022 жылдың ақпан айлары аралығында жинаған ұпайға қарамастан ақылы сандық тағылымдамадан өтеді.

Бесінші маусымның жеңімпаздары қатарында Торайғыров Университетінің «AirFlux» жобасы - 454,6, Қазақстан-Британ техникалық университетінің «Ecolution» жобасы - 453,4 және Назарбаев мектебінің  «Power X» жобасы 439 бар.

AirFlux – бұл Қазақстандағы алғашқы ауа бризерлерінің өндірісі. Бризер - бөлмені таза ауамен қамтитын құрал. Ол көшенің ауасын залалсыздандырып, тазартады. Бір мезетте қамбаздық, көше шуы мәселелері шешіліп, оттегіге бай ауа келеді.

Құрылғы шусыз жұмыс істейді. Өрт қауіпсіздігін сақтайды. Жастар өндірісті іске қосты. Алғашқы партияның өнімін airflux.kz сайтында сатып алуға болады.

Жобаның бұған дейінгі жетістіктері бар: GreenTechnologies жеңімпаздары, әлемдік Seedstars акселератордың түлектері, Ғылым қорының акселерациялық бағдарламасының түлегі, Covid-19-бен күрес әлемдік байқауының финалистері, Enactus Kazakhstan 2020 байқауының жеңімпаздары, Enactus 2021 байқауының вице-чемпиондары, Smart City Almaty Hub акселерацияланған бағдарламасының финалистері.