Торайғыров университеті «Болашақтың университеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын аяқтады.

Сарапшылар «Кәсіпкерлік университет ҚР-да жоғары білім беруді трансформациялау әдісі ретінде: көшу әдістері» мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру шеңберінде жиналды.

Шараға Болгария және Ресейдің профессорлары қатысты. Жоба жетекшісі әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедрасының қауымдастырылған профессоры Салтанат Әубәкірованың айтуынша, конференцияда кәсіпкерлік білім беруге мемлекеттік қолдау көрсетудің негізгі бағыттары, студенттердің кәсіпкерлік құзыреттіліктері жайлы ой қозғалды.

Сонымен қатар, «Кәсіпкерлік білім беру» салтының тұсауы кесіліп, әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер кабинеті ашылды.