Торайғыров университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері студент жастар көшбасшыларымен «Печа куча» форматында кездесу өткізді.

Басшының бірінші орынбасары Ардақ Балғожин тиімді превенцияда және азаматтық сектормен серіктестікте құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа моделін таныстырды. Ол сондай-ақ жастарды парасаттылық пен адалдық мәдениетін насихаттауға шақырды.

Сондай-ақ, Президенттік Жастар кадрлық резервінің қатысушысы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Сағыныш Нұрқымбаев Мемлекеттік қызмет пен басқа да салаларда ілгерілеу тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу барысында студенттер спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.