Құрметті оқытушылар!

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Ректорының хаттамалық тапсырмасы негізінде 2011 жылдың 17 қарашасынан бастап «Студенттік электрондық кітапхана» Бағдарламасы жасалды және бекітілді.

Студенттік электрондық кітапхана (СЭК) жасаумен, http://library.psu.kz, университет білімін ақпараттандыру орталағымен бірге академик С. Бейсембаев атындағы Ғылыми кітапхананың кітапханалық-ақпараттық үрдістерді компьютерлендіру бөлімшесі де айналысады.     

С. Бейсембаев атындағы ҒК-ның электрондық кітапханасына толықмәтінді деректік базалар бекітіледі, оларға кітаптар, мақалалар, дессертация авторефераттары жатады. Барлық ақпарат С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің білім порталында жарияланған. 

Академик С. Бейсембаев атындағы ҒК


Басқа кітапханалық және ғылыми қорлармен, оның ішінде Бірлескен электрондық кітапханамен (ҒТАҰО АҚ) келісім-шарт туралы ақпарат

С. Торайғыров атындағы ПМУ 2012 жылдың 11 қыркүйегінен бастап Бірлескен электрондық кітапхана құру мақсатында «Ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамымен лицензиялық келісім-шарт жасады.

Электрондық кітапхана – профессорлік-оқытушы құрамын, бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерін, заманауи ақпараттық білім ресурстарымен, интерактивтік мультимедиялық оқу ресурстарымен қамтамасыз етуге арналған, ҚР ЖОО-ның электрондық білім ресурстарын біріклескен ақпараттық жүйеге біріктіретін, бірлескен деректер базасы. 

Академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана өзінің білім ресурстары негізінде жалпы технология бойынша электрондық кітапхананы (ЭК) жасауға қатысады. Электрондық ресурстың түпнұсқалығы, ақпараттың оқу процесіне және ғылыми зерттеу жұмыстарына пайдалылығы мен құндылығы, қағаз нұсқасымен сәйкестігі электрондық ресурстарды сараптаудың белгілері болып табылады.

Электрондық кітапханаға университет бойынша жалпы ДК санының – 89 % қосылған.

Электрондық адрес abdigalieva@.inti.kz  және  dodnti@mail.ru.

ҒТАҰО тұсындағы ЭК-ға университет бойынша жалпы ДК санының – 89 % қосылған, бұл 880 ДК құрайды. Академик С. Бейсембаев атындағы ҒК – 12 ДК.

«Халықаралық, мемлекеттік және басқа ұйымдармен қызметті ұйымдастыру жөніндегі Ассоциация Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумымен» «EBSCO» ДБ-на ену үшін 2012 жылдың 07 маусымынан бастап бір жылға келісім-шарт жасалған.

«Рубрикон» ДБ-мен 2012 ж. 26 сәуірінен 2013 ж. 25 сәуіріне дейін келісім-шарт жасауды ұйымдастыру үшін 2011 жылдың 25 сәуірінде Консорциуммен шарт жасалды.

«Мегоэнциклопедия - Рубриконы» ДБ – бұл ақпарат іздестірудің бірлескен жүйесінің бірнеше онлайн энциклопедиясы.  

Электрондық адрес : www rubricon. Com

Thomson Reuter және Springerlink ғылыми электрондық басылымдарына енуді қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету үшін «Ғылыми техникалық ақпараттың Ұлттық орталығы» АҚ-мен 2011 жылдың 01 желтоқсанынан бастап шарт жасалды.

Бұл шарт қол қойылған сәттен бастап бір жыл бойы жұмыс жасайды, мерзімі өткеннен соң 2-жыл ішінде Шартты жыл сайын ұзартып отыру жоспарланып отыр.

С. Бейсембаев атындағы ҒК ғылым департаментімен бірге оқытушыларды аталған қорлардың қызметі жөнінде ақпараттандырды және оларға ДБ-ға енуге мүмкіндік жасады.