С. Бейсембаева атындағы ҒК-ның

оқу әдебиеттерімен қызмет көрсету

бөлімінің меңгерушісі  С.С. МҰХАНОВА,

кітапханашы Қ.Ш. КАМЗИНА

Оқу әдебиеттерімен қызмет көрсету бөлімі – С. Торайғыров атындағы ПМУ-ға қарасты Ғылыми кітапхананың жауапты құрылымының ең бір күрделі бөлімі болып табылады.

Қазіргі кезде оқырмандарға қызмет көрсететін бөлім құрылымы келесі бөлімшелерден: жоғары және кіші курстар абонементінен, колледж кітапханасынан, көркем әдебиеттер секторынан тұрады. Бөлім қызметкерлері университеттің оқытушыларына, студенттеріне, қызметкерлеріне, сол сияқты колледж және лицей оқушыларына қызмет көрсетеді.

Оқырмандарға қызмет көрсету дифференциалды қағидалар негізінде қолма-қол жүргізіледі. Оқырман сұранысын орындауда үлкен жұмыстар атқарылуда.

Әсіресе, оқырмандарға қызмет көрсетуде бірінші курс студенттері ерекше орынды алады. Оқу жылы дәстүрлі бірінші курс айлығынан басталады. Жаз айларында қызметкерлермен жүргізілетін дайындық жұмыстары бірінші курс студенттеріне 100 % (пайыз) қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бірінші курс студенттері, колледж, лицей оқушылары оқулықпен толық қамтамасыз етіледі. Бөлім қызметкерлері кітапхана ережесі туралы, өздігінен кітаптармен жұмыс жасау, электронды каталогты пайдалану, әдебиеттерді іздестіру және тағы басқа мәліметтер жөнінде кеңес береді. Күнделікті жүргізілетін кеңестер, әңгімелер, саяхаттар, анықтамалар туралы жұмыс жүргізіледі.  


Студенттер үшін дипломник апталығы өткізіледі, онда дипломды жазу мен материалдарды жинасту туралы кеңес беріледі. Бұндай шараларда студенттер дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша кітапхана қорында бар қажетті барлық ғылыми әдебиеттермен, құжаттармен ашық түрде танысады.

Студенттер мен оқытушыларға кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетуді жақсартып, кітапхана қорын тиімді пайдалану мақсатында оқытушылармен кездесулер және Кафедра күні жүйелі өткізіледі.

2010 жылы 1-ші наурыз айында әлемге танымал шығармалармен таныстыру мақсатында, жоспарлы іс-әрекеттерді жүйелі, әрі дұрыс ұйымдастырудың нәтижесінде  – көркем әдебиеттер секторы ашылды. Сектор абонементтен және оқу залынан тұрады. Кітап қорында бос уақытта оқуға арналған әлемдік көркем әдебиеттер мен кітаптар бар. Мұнда кітаптармен оқырмандар толық танысуға және басқа да басылымдарды өз көзімен көруге қолайлы жағдай жасалған.

Оқу залының жабдықталуы мен жайлылығы, ондағы тыныштық  атмосферасы оқырмандарға шығармашылық шабыт береді.