АҚШ кітапхана ісі соңғы жүз жылдықта даму қарқындылығымен байқалды, ал оның қазіргі жағдайы – басқа елдермен салыстырғанда сандық және сапалық көрсеткіштері жағынан жоғары. Егер елде 1870 жылы 161 кітапхана болса, 1872 жылы – 1080, жекеменшік кітапханаларды есептемегенде (штаттық қызметкерлер 213 адамды құрайды), ал қазір АҚШ-та 100 мыңнан аса кітапханалар бар (бұқаралық, мектептік және жоо). Олардың жалпы қоры 10 млрд. сақтау бірлігінен асады және жыл сайын 100 миллионнан аса жаңа басылымдармен үнемі толып отырады. Кітапханалық қызмет көрсету саласында 350 мың штаттық жұмыскерлер істейді. Кітапхана ісінің жылдық бюджеті – 5 млрд. долл. асады.
Конгресс кітапханасы – АҚШ-тың ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. АҚШ Конгрессінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі. Үкімет органдарына, зерттеу мекемелеріне, ғылыми жұмыскерлеріне, жеке фирмалар мен өндірістік кәсіпорындарға, мектептерге қызмет көрсетеді.
Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде АҚШ президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған. Сонымен қоса ол заңда 5 000 долларды (сол кезде көлемді сомма) «Конгресске қажет болып қалуы мүмкін деген кітаптарды алуға және оларды сақтауға сәйкес келетін бөлменің болуы үшін» қаржы бөлді. Ол кітапхананың фукциялануын анықтады, соның келесімімен кітапхананың ресурстарын АҚШ президенті мен вице-президенті, АҚШ Сенатының мүшелері мен Палата қызметкерлері (АҚШ Конгрессі) ғана қолдана алды. Сондықтан да кітапхананы «Конгресс кітапханасы» деп атайды.
Алғашқы кітап қоры 740 кітап пен Лонданда сатып алынған Американың үш географиялық картасы құрады. 1802 жылы 26 қаңтарда билікке келген кезекті президент Томас Джефферсон Кітапхананың қорымен, оның ролі мен мәніне көп көңіл бөлді. Сол уақыттан бастап кітапханалық қор қарқынды дами бастады. 8 жылдан кейін президенттік билікке Джеймс Мэдисон келді, ол 1812-1814 жылдар аралығындағы Ағылшын-американдық соғыс кезінде елді басқарды. 1814 жылы тамыз айында соғыс кезінде Вашингтон ағылшындармен қиратылады. Баға жетпейтін, құнды кітаптар кітапханасы бар Капитолий толығымен жанып кетті. Мэдисон АҚШ астанасынан қалғанын және кітапхананы қайта қалыпқа келтіруге бұйрық береді. Экс-президент және құмаршыл библиофил Джефферсон Конгресске өзінің жарты ғасырдан аса жинаған және сол кезде АҚШ-қа тең келер кітап қоры болмаған 6 487 әртүрлі тілдегі томдық жинақтарын беру туралы ұсыныс жасаған. Америка оның ұсынысын қабыл алды. Келісім соммасы 23 940 долларды құрады. Сол уақыттан бастап «Конгресс Кітапханасы», «Джефферсон Кітапханасы» деп те аталды.
1850 жылы Конгресс Кітапхансында өрт болып, Томас Джефферсоннан сатып алынған кітаптардың көп бөлігі жанып кетті және сол кезде 55 000 әртүрлі басылымдардан құралған кітап қорының 2/3-і де өртпен кетті. Тек бір жыл өткен соң ғана мемлекет бюджетінен кітапхананы қалыпқа келтіру үшін 168 700 доллар бөлінді. Оның көп бөлігі құрылыс жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.
1980 жылы үшінші, көлемі жағынан ең үлкен Конгресс Кітапханасының ғимараты құрылды. Ол Джеймс Мэдисон атымен өзгертілді. Мэдисан мекемесінде бүкіл әлемнің әртүрлі тілдеріндегі газеттері мен журналдары сақтаулы.
2008 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша кітапхананы Джеймс Биллингтон басқарады.
Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу жылдамдығы күніне 75-200 құжаттарды құрайды.
Конгресс Кітапхансында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс кітапханасының 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұратын анағұрлым маңызды библиографиялық көрсеткіштерінің бірі «Национальный сводный каталог» («The National Union Catalog») және АҚШ кітапханасында сақталған кітаптардың жиынтық каталогы.
Мұнда, сонымен қатар 5500 аса инкунабулдар (Гутенбергтің Библиясын қосқанда), Т. Джефферсонның және басқа АҚШ президенттерінің кітап жинақтары, қытай және жапон туындыларының әдебиеттерінің коллекциялары, сирек кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған.
Ашетаева Арайлым
КжБ-401