Анонстар мен іс-шаралар

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ: ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ДАМУДЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Ғалымдарды, оқытушыларды, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді көрнекті ғалым-химик, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстандағы химия ғылымының негізін қалаушысы Әбікен Бектұрұлы Бектұровтың туғанына 125 жыл толуына арналған «ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ: ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ДАМУДЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз!
11 желтоқсан 2026 жыл
Конференцияның ұйымдастыру комитетінің тең төрағалары:
Алтынбек Нухұлы – химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры.
Медетов Нурлан Әмірұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, Торайғыров университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры.
Өтетін орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, бас оқу ғимараты.
Өткізу форматы: офлайн және онлайн.
Конференция аясында химия саласының өзекті мәселелері төмендегі секциялар бойынша қарастырылады:
1. Академик Әбікен Бектұрұлы Бектұровтың ғылыми мұрасы және химия ғылымының қазіргі даму үрдістері.
2. Химиялық білім беру: заманауи әдістемелер, цифрлық технологиялар және ғылыми-зерттеу қызметі.
3. Химия және экологиялық қауіпсіздік: тұрақты технологиялар және ресурстарды ұтымды пайдалану.
4. Іргелі және қолданбалы химия: заманауи зерттеулер мен ғылыми жаңалықтар.
5. Заманауи химиялық технологиялар және өнеркәсіпке арналған инновациялық шешімдер.
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы жарық көреді. Жинақ электрондық форматта (PDF) жарияланады. Конференция қатысушыларына электрондық сертификаттар беріледі.
Материалдарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 27 қарашаға дейін қоса алғанда. Материалдар ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайты арқылы қабылданады. Көрсетілген мерзімнен КЕЙІН ТАПСЫРЫЛҒАН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА арқылы жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

 

Толығырақ
2026-11-04 00:00:00

Құрметті студенттер!

2026–2027 оқу жылының көктемгі семестрінде ТМД елдерінің — Қырғызстан, Әзербайжан және Өзбекстанның жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға өтінімдер қабылданады. Конкурсқа мемлекеттік білім беру гранты және ақылы негізде білім алатын бакалавриаттың 1, 2, 3-курс студенттері, сондай-ақ магистранттар қатыса алады.

Қабылдаушы университетте білім алу тегін негізде жүзеге асырылады. Жол жүру, тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру және қажетті құжаттарды рәсімдеу шығындарын білім алушылар өз қаражаты есебінен төлейді.

Іріктеудің негізгі критерийлері:

• барлық оқу кезеңіндегі жоғары академиялық үлгерім (GPA көрсеткіші 2,7-ден төмен болмауы тиіс);

• шет тілін білу талап етілмейді.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Өтініш және келісім — 2 дана.

2. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі.

3. Университет мөрімен расталған академиялық үлгерім туралы транскрипт (Студенттерге қызмет көрсету орталығынан тапсырыс беріледі).

4. № 075 нысанындағы медициналық анықтама және флюорография қорытындысы.

5. 3 × 4 см көлеміндегі фотосурет — 4 дана.

6. Кафедра меңгерушісі мен факультет деканының ұсыным хаты.

7. Студенттің шетелде білім алуына ата-анасының келісімі туралы өтініш.

ТМД елдеріндегі серіктес университеттер тізімі

Әзербайжан

1. Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университеті

Ресми сайты: https://asoiu.edu.az/

2. Баку славян университеті

Ресми сайты: https://bsu-uni.edu.az/

3. Әзербайжан тілдер университеті

Ресми сайты: https://adu.edu.az/ru

4. Әзербайжан техникалық университеті

Ресми сайты: https://www.aztu.edu.az/

5. Әзербайжан сәулет және құрылыс университеті

Ресми сайты: https://www.azmiu.edu.az/ru

6. Әзербайжан мемлекеттік экономика университеті (UNEC)

Ресми сайты: https://unec.edu.az/ru/

7. Сумгаит мемлекеттік университеті

Ресми сайты: https://sdu.edu.az/en

Өзбекстан

1. Ташкент мемлекеттік көлік университеті

Ресми сайты: https://tstu.uz/ru/

2. Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті

Ресми сайты: https://www.samdu.uz/ru

3. Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті

Ресми сайты: https://tdtu.uz/

Қырғызстан

1. И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті

Ресми сайты: https://kstu.kg/

2. И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті

Ресми сайты: https://arabaevksu.edu.kg/ru

 

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 25 қараша.

Құжаттар Халықаралық ынтымақтастық департаментінде, 115В кабинетте қабылданады.

Байланыс ақпараты: тел.: +7 (7182) 67-36-85, ішкі нөмірі 12-05;

e-mail: cam@tou.edu.kz.

Бағдарлама үйлестірушілері: Жібек Абайқызы, Аружан Қайратқызы.


Соглашение на обучение.docx
Заявление обучающегося.docx
Список университетов.docx
Толығырақ
2026-11-03 00:00:00

Elsevier компаниясының 2026 жылғы қараша айындағы вебинарлары

Құрметті оқытушылар, аспиранттар, докторанттар және магистранттар!

Сіздерді алдағы вебинарларға қатысуға шақырамыз:

3 қараша, сейсенбі, сағат 16:00 – Scopus жүйесінде журналдарды іздеу және таңдау
https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_aE6c9xqtToe2Po34YD2HUA#/registration

4 қараша, сәрсенбі, сағат 16:00 – Ғылыми идеядан жаңа мүмкіндіктерге дейін: LeapSpace әлеуетін ашу
https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_2RetsJd2Qzi5JblvMyJGDA#/registration

11 қараша, сәрсенбі, сағат 16:00 – Scopus вебинары: ғылыми ынтымақтастық, менторлар, авторлық профильдер және метрикалар
https://events.teams.microsoft.com/event/a5380e1d-84b9-49ff-8802-a53ffbb0ee65@9274ee3f-9425-4109-a27f-9fb15c10675d?source=copyLinkOneEventsShareDialog

17 қараша, сейсенбі, сағат 16:00 – Scopus бойынша практикалық вебинар және қатысушылардың сұрақтарын талқылау
https://events.teams.microsoft.com/event/50b8f9b0-c6ee-4d06-a562-3e42f51fc993@9274ee3f-9425-4109-a27f-9fb15c10675d?source=copyLinkOneEventsShareDialog

Маңызды! LeapSpace платформасын тестілеу нәтижелері бойынша сауалнамадан өтулеріңізді сұраймыз!
https://nam11.safelinks.protection.outlook.com/?url=https%3A%2F%2Fforms.cloud.microsoft%2Fr%2FiYw1rkiHu3&data=05%7C02%7CY.Solay%40Elsevier.Com%7C1c5fe3954e4d477546e908df2f708194%7C9274ee3f94254109a27f9fb15c10675d%7C0%7C0%7C639281832406054576%7CUnknown%7CTWFpbGZsb3d8eyJFbXB0eU1hcGkiOnRydWUsIlYiOiIwLjAuMDAwMCIsIlAiOiJXaW4zMiIsIkFOIjoiTWFpbCIsIldUIjoyfQ%3D%3D%7C0%7C%7C%7C&sdata=4S%2FnGPAjk8%2B55RcnEXs%2Fp6vZ2Z5qQ4%2FsMyejSC%2FlzwU%3D&reserved=0

Тіркелу және вебинарлар бағдарламасы атауындағы сілтеме арқылы қолжетімді. Қатысушыларға сертификаттар берілуі мүмкін.

Қосымша материалдар:
https://bit.ly/els_webinars_ru
https://view.highspot.com/viewer/56eb2051a106e3fae31512495c75ed4f

Толығырақ
2026-11-02 00:00:00
Бағдарламаны іздеу
Виртуалды тур
Call Center
+7 705 118 60 21
+7 (7182) 67-37-04
phone_in_talk
Қабылдау комиссиясы
+7 705 406 22 66
phone
contact_phone