Анонстар мен іс-шаралар

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №20-3-20-7/1428-И хатына сәйкес, Халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымы (scientific publication «Zertteushі») «Зерттеу қызметін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізілгенін хабарлаймыз. Халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымының (scientific publication «Zertteushі») құрылтайшысы: «Zertteushі» Халықаралық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі. Осыған орай, халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымында (scientific publication «Zertteushі») жариялау үшін қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде:
- Университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының, ізденуші-ғалымдардың ғылыми мақалаларын;
- ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.02.2025ж. № 32 бұйрығымен жаңа редакцияда бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» бойынша аттестаттаудан өткізілетін педагогтердің ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалаларын;
2 - Мектеп оқушылары мен жетекші-мұғалімдердің 9(8)-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына, «Зерде» зерттеу жобалары конкурсына, басқа да конкурстарға ұсынылған ғылыми жобаларын қабылдайтымызды хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Зерттеу қызметін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізілген Халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымының (scientific publication «Zertteushі») кезекті санында жариялау үшін жас ғалымдар мен олардың ғылыми жетекшілерінің ғылыми мақалаларын әр айдың 27-сіне дейін жолдауға болады.
Қосымшалар: 1. Мақалаға қойылатын талаптар (қазақ және орыс тілдерінде)


08.12.2025+Требования+к+научным+статьям.pdf
08.12.2025+Мақалаға+қойылатын+талаптар.pdf
Толығырақ
2025-12-17 00:00:00

Жалға алу конкурсын өткізу туралы хабарландыру
«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы оқу корпусындағы кофе аралы мен буфетке арналған орындарды жалға алуға конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мүлікті мүліктік жалдауға беру ережелерінде көрсетілген талаптарға сәйкес өтінім мен құжаттар пакетін тапсыруы қажет.
Хабарландыру нысаны және қажетті құжаттар тізбесі Ережедегі №1 қосымшада орналастырылған. Толық ақпарат алуға және тендерлік құжаттаманың шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://tou.edu.kz/arm/storage/files/69394cdb40fbb9.79659066.pdf 
Өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, каб. 309А.
Телефон: 8(7182)67-36-52.

Толығырақ
2025-12-11 00:00:00

Құрметті оқытушылар, ғылыми қызметкерлер және оқу әдебиетінің авторлары!
EDP HUB Publishing сіздерді онлайн-дәрістер сериясына шақырады:

«ЗАМАНАУИ ОҚУЛЫҚТЫ ЖАСАУ: ИДЕЯДАН ЖАРИЯЛАУҒА ДЕЙІН»

Бұл курс барысында сіздер өз білімдеріңізді жүйелеп, қазіргі талаптарға сай, сұранысқа ие оқулықтар мен оқу құралдарын дайындауға қажетті практикалық дағдыларды меңгересіздер.

9.12.2025 – 15:00. 1-дәріс. Оқу әдебиеті: негізгі ұғымдар, болашақ басылым тақырыбын таңдау, тұжырымдама мен құрылымды әзірлеу.
Тіркелу: https://edp-hub.kz/cursus-educational-litterae

11.12.2025 – 15:00. 2-дәріс. Оқу басылымының мәтінін жазу және рәсімдеу. ЖИ пайдалану.
Тіркелу: https://edp-hub.kz/cursus-scribens-textum

17.12.2025 – 15:00. 3-дәріс. Қолжазбадан басылымға дейін: авторлық құқық және баспашылық үдерістері (ISBN, DOI, РИНЦ, редактура).

Тіркелу: https://edp-hub.kz/cursus-de-manuscripto-vaticano

Спикер: Қазақстан Республикасындағы EDP HUB баспасының авторлармен жұмыс жөніндегі бас маманы, Гүлжауар Бикжанова

Барлық дәрістерге қатысқан тыңдаушыларға бағдарламаны толық аяқтағаны туралы сертификат беріледі.

Толығырақ
2025-12-04 00:00:00
Бағдарламаны іздеу
Виртуалды тур
Call Center
+7 705 118 60 21
+7 (7182) 67-37-04
phone_in_talk
Қабылдау комиссиясы
+7 705 406 22 66
phone
contact_phone