muzei1_sent2011

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті басшылығының ұйымдастыруымен 2002 жылдан бері «Павлодар Ертіс өңірінің Этномәдени зерттеулері» бағдарламасы аясында, сондай-ақ, 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» бағдарламасының негізінде 11 жыл бойы «Өлкетану» экспедициясы үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Біздің университет республикадағы өзге жоғары оқу орындарынан оқ бойы озық шығып, экспедицияның барлық шығындарын өз мойнына алып отырған бірден бір білім ордасы. Экспедлицияға қатысушылар құрамын университеттің оқытушылары мен студенттері құрайды. Осы жалдар ішінде экспедициялық топ Қазақстанның көне қалалары мен тарихтың сыры тұнған мекендерді аралап шықты. Мәселен, Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды алыптардың мекені болған Шығыс Қазақстан облысында, Ақмола облысындағы Бурабайда, Алашахан, Жошыхан, Асан қайғы есімдерімен тығыз байланысты  Қарағанды облысы бойынша тарихи ескерткіштермен танысып қайтқан.

«Өлкетану» экспедициясы бойынша 2006 жылы Түркістанға шеккен сапарды ерекше атап өтуге болады. Оңтүстік Қазақстанда 10 күнге жуық болған саяхатшылар Қожа Ахмет Яссауи, Сұлтан Бегім Раббы, Бабаджа – Хатун, Айша-бибі, Қарахан мазар Есімхан кесенелеріне барып құран бағыштап дұға оқыса, қазақ тарихында ескі қалалар деген атпен қалған Отырар, Күлтөбе, Тараз шаһарларын аралады. Одан кейінгі бағытта Алматы облысы Қордай шатқалына ат басын бұрған.

Ал 2008 жылы экспедиция өзіміздің туған өлкеміз Павлодар облысының Ақтоғай ауданында болды. Онда этно-археологиялық мекен Ақкөл-Жайылма жерінде және Ишан Хазрет кесенесінде болған. Бұл үрдіс кейінгі жылдарда да жалғасып экспедициялық топ тарихтың тамырлы өлкесі Баянауыл жеріндегі Сабындыкөлде болып университетіміздің «Баянтау» демалыс үйінде демалып қайтқан.

«Өлкетану -2011» экспедициясы тарих пен мәдениеттің тұнығын бойына жасырған киелі мекен Семей қаласында болды.  Экспедициялық топтың алғашқы сапары Абай мен Шәкәрімнің кесенесі орыналасқан Жидебай жерінен басталды. Оған барғандар ата-баба аруағына дұға бағыштап, сол елді мекендегі «Еуроазиялық орталық континенті» ескерткіші мен «Еңлік –Кебек» ескерткіштеріне естелікке суретке түсті. Келесі күні Семей қаласындағы «Абайдың әдеби-мәдени және тарихи мемориялдық қорық» мұражайында болып, кейіннен Достаевский атындағы әдеби мемориалдық мұражайында және соңғы сапарлары Невзоровтардың отбасылық өнер мұражайының тылсымына бойлаумен аяқталған.

«Өлкетану» өзінің салтын үзбей алдағы жылдарда да еліміздің көптеген белгісіз жерлерінің тарихымен университет студенттерін және оқытушыларын таныстырып отыруды өзіне үлкен мәртебе санайды. Сол арқылы жастардың бойына еліне, жеріне, тарихына, салты мен дәстүріне, ең бастысы тіліне деген патриотизмді арттыру болмақ.


muzei1_sent2011

muzei1_sent2011

muzei1_sent2011

muzei1_sent2011