Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті

2019 жылдың 23-25 қаңтар айы аралығында К.К. Абишев, А.Ж. Касенов, Р.Б. Муканов «Таза ортаға арналған жылуэнергетикалық жүйелер бойынша университеттік білім беруді жетілдіру және PhD дағдыларын дамыту» атты Erasmus+ Еуропалық бағдарламасының ASIAXIS халықаралық жобасының Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде өткен үшінші отырысына қатысты.

Жұмыс барысында қатысушылар жоспарланған жұмыстардың орындалу барысы және жоба шеңберінде сатып алынатын жабдықтарды талқылау туралы баяндамаларын ұсынды. Осы жобаны сәтті орындау үшін қажетті келесі қадамдар анықталды. Жобаға қатысушылар Н.Э. Бауман атындағы ММТУ-нің зертханалары, ғылыми-білім беру орталықтары, сондай-ақ университет мұражайымен танысты.

Жобаны іске асыру туралы толық ақпарат www.asiaxis.eu