Жобаның алдын ала мониторингі

2018 жылдың 30 мамырында Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық офисінің директоры Ш.У. Тасболатованың басшылығымен «Таза ортаға арналған жылуэнергетикалық жүйелер бойынша университеттік білім беруді жетілдіру және PhD дағдыларын дамыту» (ASIAXIS) атты жобасының алдын ала мониторингі өтті.

Мониторингтің мақсаты – жоба бойынша өткізілген іс-шаралармен және жобаның нәтижелерімен танысу, қызметтік және қаржылық жоспардың проблемаларын талқылау, олардың міндеттері мен шешу жолдарын анықтау.

Мониторинг барысында Қазақстанның жоғары оқу орындарының командалары жобаның іске асырылу барысы туралы презентациялар мен жобаның мақсатына қол жеткізу үшін одан әрі жоспарлаған іс-шаралар туралы баяндады.

Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық офисінің директоры Ш.У. Тасболатова мониторинг нәтижелерін қорытындылады.

Жобаны іске асыру туралы толық ақпара http://www.asiaxis.eu