С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

29-31 мамыр айы аралығында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ЕО Эрасмус+ ASIAXIS жобасы бойынша алғашқы жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге қатысқандар:

- Абишев Кайратолла Кайроллинович – жобаны үйлестіруші және, металлургия машина жасау және көлік факультетінің деканы;

- Быков Петр Олегович – жобаны әзірлеуші, академиялық жұмыс бойынша проректор;

- Касенов Асылбек Жумабекович – жобаны әзірлеуші, оқу жұмысы бойынша декан орынбасары;

- Сембаев Нурболат Сакенович – жобаны әзірлеуші, «Көліктік техника и логистика» кафедрасының меңгерушісі;

- Муканов Руслан Батырбекович – жобаны әзірлеуші, ғылым және инновациялық технологиялары бөлімінің бастығы;

- Есаулков Валерий Сергеевич – жобаны әзірлеуші, «Көлік, көлік техникасы и технологиялары» мамандығының магистранты.

Кездесу барысында Ұлыбритания, Италия, Испания, Ресей және Қазақстан серіктес-университеттерінің өкілдері жоба шеңберінде жоспарланған іс-шараларды талқылап, университеттің оқу және өндірістік цехтарын аралады.

Жобаның басты сайтының құрылымы мен мазмұны, ақпаратты орналастыру тәртібі және осы сайтта кері байланысты алу мәселелері қарастырылды, сондай-ақ қазіргі заманғы инновациялық жабдықтарды сатып алу мәселелері түсіндірілді.

Бакалавриат және магистратура деңгейлеріндегі серіктес университеттерінің қазіргі білім беру бағдарламаларының модульдерін жаңғырту және оларды оқу процесіне одан әрі енгізу бойынша негізгі мәселелерді талқылады.

Кездесуде жобаға қатысушы-университеттерде орындалатын ғылыми жұмыстар туралы баяндамалар, энергия үнемдеу саласындағы жаңа техникалық шешімдер, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқу және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын бірегей жабдықтар ұсынылды. Бакалаврлар мен магистрлерді даярлауда оқу пәндерін жетілдірудің болашағы мен міндеттері анықталды.

Осы кездесудің нәтижелеріне барлық қатысушы-серіктестер риза болды.

Жобаны іске асыру туралы толық ақпарат www.asiaxis.eu