Факультет жетістіктері
1. Дербес Қазақстандық агенттігінің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ететін аккредитациялық (НКАОКО) кеңесінің шешімімен 2014 жылы факультеттің 6 білім бағдарламалары: 5В0171600 «Аспап жасау»; 6М071600 «Аспап жасау»; 5В0704000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қаматамасыз ету»; 6М011100 «Информатика», 6М060100 – «Математика»; 6М060400 – «Физика» 5 жылға мамандандырылған аккредитациядан өтті.
2. Халықаралық аккредитациялық кеңестің ASIIN (Германия) 2016 жылдың 08 сәуіріндегі шешімімен 5B060200 – Информатика; 5В070300 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламалары 2017 жылдың 28 сәуіріне дейін, және 6М060200 – Информатика; 6М070300– Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламалары шартты түрде аккредитациядан өтті.
3. 2016 жылғы НКАОКО-2016 білім беру бағдарламаларын саралау рейтингінде, факультет мамандықтары төмендегідей орналасты:
5В071600-«Аспап жасау» - 1 орын (3 ЖОО бойынша);
5В070300-«Ақпараттық жүйелер» - 5 орын (15 ЖОО бойынша);
5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қаматамасыз ету» - 7 орын (12 ЖОО бойынша);
6М060100-«Математика» - 5 орын (5 ЖОО бойынша);
6М060200-«Информатика» - 4 орын (6 ЖОО бойынша);
6М060400-«Физика» - 4 орын (4 ЖОО бойынша);
4. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша 2015 жылы факультеттің барлық білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзіммен аттестациядан өтті.
5. ВОУД нәтижесі бойынша 2014-2015 оқу жылында факультеттің бітіруші курс студенттері тестілеуден сәтті өтті.
6. 2014 жылдың наурызында С. Торайғыров атындағы ПМУ – нің «Физика және аспап жасау» кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.қ, Т.С. Досановтың жетекшілігімен студенттеріміз VІ пәндік республикалық олимпиадада олипиаданың алғашқы күнінде бірінші орын алып жарқын нәтиже көрсетті.Студенттер арасындағы «Физика» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының 11 командасы қатысқан олимпиада К. Жубанова атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университетінде өтті.
7. «Кенжекөл жастары» Жастар бірлестігімен, Павлодар облыстық жастар саясаты істерінің Басқармасы қолдауымен 2015 жылдың 15 желтоқсанда ЦОМ-да өткен, Павлодар облысындағы ЖОО 3-4 курс студенттері мен магистранттары арасындағы «StudSovet.pav» интеллектуалды олимпиадасына қатысып, ПМУ командасы жүлделі 1- орынды иеленді. ПМУ командасының құрамында біздің факультеттің студенттері ИС-402 Тажкеев Е. және Физ-401 Жарылғасым Е қатысты.
8. 2016 жылы құрамында МжИ кафедрасының аға оқытушысы Сыздыкова А. Т. жетекшілігімен ФМжАТ факультетінің студенттері Мат-201Калидолдай А., Егимбаевой К., и Мат-202 Бейсембаева Ж. қатысқан ПМУ командасы Астана қаласындағы Л. Н. Гумилев ат. ЕҰУ-ға «5В060100 - Математика» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға жолдама алды. Назарбаев университеті, М. В. Ломоносов ат. КФ МГУ, Аль-Фараби ат. КазҰУ., С. Торайгыров ат. ПМУ, Ақтөбе мемлекеттік университеті, Букетов ат. КарГУ, Семей мемлекеттік университеті, Ауезов ат. ЮКГУ сынды универститтерден қатысқан 8 командадан суырылып жалпыкомандалық 4-ші орынды жеңіп алды. Студенттерге сертификаттар берілді, сонымен қатар, студент Бейсембаев Ж. қатысушылар арасындағы ондық үздікке еніп мадақтамамен марапатталды (олимпиадаға қатысқан 54 студенттің ішінде жеке 9-шы орынды иеленді).
9. МИнф(о)-11н тобының магистранты Алинов Е., 2015 жылы Алматыда DAMU, ENACTUS, BAITEREK орталықтарының қаржылық қолдауымен өткен, Қазақстанның жас кәсіпкерлері Клубы ұйымдастырған конкурста «IT-технология саласында жылдың ең үздік жас кәсіпкері» атағын жеңіп алды.
10. ВТиП-402 тобының студенті Царегородцев И., 2015 жылы 21-23 сәуірде өткен ІІ Ұлттық экологиялық жастар жастар форумында, экология саласындағы ғылыми еңбектердің Республикалық көрмесіне қатысып, гран-при иегері атанды.
11. 2016 жылдың сәуір-мамыр айларында өткен 2 турдан тұратын «Университетская IT-весна» IT-идеялар шығармашылық конкурсында: Ирманова Айдана (МАЖ-201н) – 1 орын (лазерлік принтер), Сейфулла Таттимбет (АЖ-401) – 2 орын (планшет) жеңіп алды, «TKR GROUP» ЖШС атынан Ануарбеков Диас (ИС-202с) – мадақтайтын жүлдемен марапатталды.
12. DoStar командасының құрамындағы ВТиП-402 тобының студенті Нуралинов Арман «Кемел кәсіпкер, 2016» бизнес-кейстер бойынша республикалық чемпионатта 3 орынды иеленсе, аймақтық чемпионатта жеңімпаз атанды.
13. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2015-2016 оқу жылында:
1) Лодзин университет / University of Lodz (Poland) / Ануарбеков Д. Б. (ИС-202с), Сағынтай Е. (ЕТжБ-301);
2) Рига техникалық университеті / Riga Technical University (Latvia) / Дзюмак М., Ильчубаева Д., Шаймерден Д. (ВТиП-302), Ирманова А. (МАЖ-21н);
3) Шәкәрім мемлекттік университеті (Семей) / Бейсембаева А. (ЕТжБ-201қ);
4) Кастилья-ла-Манч Университеті, Испания / Катлабуга Аида (МИнф(о)-12н), Erasmus+ бағдарламасы бойынша;
2014-2015 оқу жылында:
1) Балтық халықаралық университеті, Латвия / Давыденко Иван (ИС-302), Алинов Ержан (АЖ-301), Потапенко Александра (ММис-22н), Нарханова Динара (ММинф(о)-22н);
2) Қолданбалы ғылымдар университеті, Австрия / Тажкеев Ерболат (ИС-202);
14. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің №276 бұйрығына сәйкес ҚР Президенті стипендиясы тағайындалды:
2014-2015 оқу жылында: Кулумбаева Гульден – «Аспап жасау» мамандығының 3- курс студенті, Гайдак Виолетта – «Математика» мамандығының 4 курс студенті, Лемешенко Никита –«Физика» мамандығының 3 –курс студенті.
2015-2016 оқу жылында: Калидолдай Айтолкын, Тусупова Айгерим, Жангазинова Динара – «Математика» мамандығының 3 курс студенттері.
Ғ. Ахметов атындағы стипендия иегерлері: 2015-2016 оқу жылында Мат-301 тобының студенті Жеңіс Дастан, Инф-301қ Оразалин Абай; Ш. Шокин атындағы стипендия иегерлері: 2015-2016 оқу жылында Асп-401 тобының студенті Кулумбаева Гульдена;
15. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы арасында жыл сайынғы спартакиада шеңберінде, жарыстың барлық түрлері бойынша 1 орынға ие болды, нәтижесінде жалпыкомандалық 1 орынды еншіледі, дипломдар және ректордың ауыспалы кубогы алды.
16. Математика және информатика кафедрасының профессоры Павлюк Иван Ивановичтің жетекшілігімен Павлодар қаласының №25 мектебінің және «Әскери арнайы мектебі» кадет корпусының оқушылары облыстық ғылыми жобалар конкурсына қатысып, жүлделі 2-ші және 3-ші орынды ұтып алды:
№ | Жобаның тақырыбы | Оқушының аты-жөні / Мектеп | Конкурс / жүлделі орын | Примечание |
1 | Мультиграфы группы 10-го порядка | Ахмет Айзера ОМ №2, Павлодар қ. 11 сынып |
облыстық ғылыми жобалар конкурсы (2 орын) Республикалық турға өтті |
Жүлде: ПМУ ректорының гранты. Корея және Сеулда 3-деңгей дипломын иеленді. |
2 | Структура групп 8-го порядка | Кабдыкаримов Алтанбек Әскери арнайы мектебі 11 сынып |
облыстық ғылыми жобалар конкурсы (3 орын) Республикалық турға өтті |