Кафедра 21.12.2012 ж. №12019627 лицензиясына сәйкес төменде аталған мамандықтар бойынша кадрларды даярлау жұмысын жүзеге асырады:

 

5В060100 — МАТЕМАТИКА

Оқыту мерзімі:

Күндізгі бөлім, орта жалпы білім негізінде — 4 жыл;

Күндізгі бөлім, орта кәсіби білім негізінде — кемінде 3 жыл;

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып сырттай оқыту, орта кәсіби білім негізінде — кемінде 3 жыл;

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып сырттай оқыту, жоғары кәсіби білім негізінде — кемінде 2 жыл.

Білім беру бағдарламасы: Актуарлы математика

Біліктілігі: «Жаратылыс ғылымдар маманы бойынша бакалавр».

 

5B010900 – МАТЕМАТИКА

Оқыту мерзімі:

Күндізгі бөлім, орта жалпы білім негізінде — 4 жыл;

Күндізгі бөлім, орта кәсіби білім негізінде — кемінде 3 жыл;

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып сырттай оқыту, орта кәсіби білім негізінде — кемінде 3 жыл;

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып сырттай оқыту, жоғары кәсіби білім негізінде — кемінде 2 жыл.

Біліктілігі: "5В010900 - Математика" мамандығы бойынша білім бакалавры.

 

5В060100 — Математика мамандығын бітірген түлектер төмендегідей лауазымда еңбек ете алады: колледж, орта мектеп, гимназия және лицейлердегі математика және информатика оқытушысы; банкілерде, сақтандыру компанияларында, зейнетақы және инвестициялық қорларда математик-программист, математик-экономист, математик-актуарий; ғылыми-зерттеу орталықтарында кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмыс атқара алады.

5B010900 – Математика мамандығын бітірген түлектер төмендегідей лауазымда еңбек ете алады: колледж, орта мектеп, гимназия және лицейлердегі математика және информатика оқытушысы.

Математика бакалаврының кәсіби жұмысының нысаны: жаратылыстану ғылымдарында, техникада, экономикада және қаржы жұмысы аймағында математикалық модельдердің теориялық жобаларын жасау, есептеу процесіне қатысты эксперименттермен айналысу математикалық экономика, актуарлық экономика (қаржыға қатысты мәселелерді басқару).

Математика бакалаврының кәсіби жұмысының түрлері ғылыми-зерттеу, өндірістік-басқарушылық, эксперименталды, болжау, математикалық-экономикалық, математикалық-актуарлық.

Математика бакалаврларының кәсіби қызметтері кәсіби еңбегінің түрлері бойынша математикалық модельдерді әзірлеу, білім беру жүйесінде оқытушылық қызмет атқару, математиканы пайдаланатын салаларда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Базалық кәсіби білім бағдарламаларын табысты игерген бітірушілер оқуын магистратурада жалғастыра алады.

Кафедра мынадай мамандықтар бойынша магистрлерді даярлайды:

 

6М060100 — МАТЕМАТИКА (оқытудың күндізгі түрі)

Оқыту мерзімі:

2 жыл (Ғылыми және педагогикалық бағыт).

Біліктілігі: "6М060100 - Математика" мамандығы бойынша жаратылыс ғылымдарының магистрі.

 

«Математика және информатика» кафедрасы студенттерді мемлекеттік білім беру гранттары негізінде және келесім шарт негізінде оқытады.