2019 жылдың 14 қыркүйекте С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен бірінші курс студенттері Денсаулық күнін табиғат аясында тойлады. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректордың м. а.,-т. ғ. к., профессор Петр Быков спорт мерекесін ашып, дене тәрбиесі мен спорт адамдардың денсаулықтарын нығайтуға, жастардың дене тәрбиесі мен адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға жол ашатынын атап өтті.

Әр факультеттің өкілдері футбол, волейбол, армрестлинг, гирь көтеру және т.б. сияқты бірнеше бағыттарға қатысты. Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті волейбол бойынша 2-ші орынға ие болды, оған "Математика" мамандығының 1 – ші курс студенті Айдос Антикеев қатысты.

Кафедраның ПОҚ және қызметкерлері университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, сенбіліктерге қатысады, студенттер үйінде және университеттің оқу ғимараттарында кезекшілік етеді.

 

2019-2020 оқу жылына арналған кафедра тәрбие жұмысының жоспары

Іс-шаралардын атауы

Өтетін мерзімі

Орындаушы

1

Кураторлар құрамын қалыптастыру

Тамыз, 2019 ж.

Каф.меңг.

2

Оқытушылардың және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықпен, ішкі еңбек тәртібінің Ережелерімен, ұжымдық келісіммен, жемқорлыққа қарсы заңдылықты орындау бойынша материалдармен танысу.

Қыркүйек, 2019 ж

Каф.меңг.

3

Білім күні: 1 курс студенттерін университет Жарғысымен, ішкі тәртіп Ережелерімен, студенттердің тәртіптеріне қатысты Бұйрықтармен, ПМУ миссиясымен таныстыру.

Қыркүйек, 2019 ж

Студенттер, топ  кураторлары

4

Денсаулық күні

Қыркүйек, 2019 ж

оқытушылар, кураторлар

5

Студенттікке қабылдау (1 курс)

Қазан, 2019ж

Топ кураторлары

6

«Еңбек күні» мерекесін өткізу

Қазан, 2019ж

 

7

Жетімдер мен аз қамтылғандарға қаражат жинау бойынша «Милосердие» акциясына қатысу

Қараша, 2019

Оқытушылар

8

Кафедраның мамандықтары арасында пәндік олимпиадаларды өткізу

Қараша, 2019

Бельгибаева С. А.

Сыздыкова А. Т.

9

«Таза сессия» акциясына қатысу

Желтоқсан, 2019 ж., мамыр, 2020 ж

оқытушылар, кураторлар

10

Алғашқы Президент күніне арналған шаралар: кураторлық сағаттар

Қараша-Желтоқсан 2019 ж.

оқытушылар, кураторлар

11

Жаңа жылдық мерекелер. Қызметкерлер мен оқытушыларға арналған жаңа жылдық бал

Желтоқсан, 2019 ж.

оқытушылар, кураторлар

12

ҚР діни экстремизмге және терроризмге қарсы күресті  іске асыру бойынша шаралар

Қаңтар, 2019ж.

Кураторлар, студент

13

Кафедра мамандықтарының студенттері арасында «ПМУ қазіргі студентінің портреті» тақырыбына ең үздік эссеге конкурс

Сәуір, 2020 ж.

Куратор

14

Тазалық жұмыстарына қатысу

Қыркүйек, 2019 ж, сәуір, 2020 ж

ППС, кураторлар, студенттер

15

Ағымдық үлгерімдердің нәтижелерін талдау

Жыл бойы

ППС, студенттертер, кураторлар

16

Оқу корпустарында, студенттер Үйінде оқытушылардың кезекшілік атқаруы

Кестеге сәйкес

ППС, студенттер, кураторлар