Тәрбие жұмысы

Аталмыш оқу жылында төмендегі тақырыптар шеңберінде кураторлық сағаттар өткізілді: «Білім Күні», «Конституция сабақтары», «Денсаулық апталығы», «Студенттерді қабылдау». Қазаннан желтоқсанға дейін «Қарт адамдар күні», «СПИДпен күресу күні», «Тұңғыш Президент күні» «Тәуелсіздік күні», жаңа жыл мерекелері.

09.10.14 ж. С. Торайғыров атындағы ПМУнің концерт залында студенттерді бірінші курсқа қабылдауға арналған «Студенттерді қабылдау» іс-шарасы өтті. Студенттік билет, сынақ кітапшасы және «Білім» кілтін тапсыру мерекесіне 2, 3 курс студенттері қатысты, сонымен қатар бітірушілер мен жұмыс берушілер шақырылды. Университет факультеттері арасындағы конкурс қорытындысы бойынша факультет 1орын иеленді.

07.10 14 ж бастап 17.10 14 ж дейін «Қайрымдылық» акциясы аясында біздің факультеттің асыраушысынан айрылған 9 студентке қаражат жиналды.

Сонымен қатар оқу жылы барысында «Студенттер үйіндегі» студенттердің тұру ережелерді сақтауын бақылау мақсатында факультет оқытушыларының «Студенттер үйіне» бару жұмысы жүргізілді, сонымен қатар ПМУ ректорының студенттердің жағдайын білу бұйрығын орындау барысында факультеттің ПОҚ 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін «Студенттер үйінде» кезекшілік атқарды.

Факультеттің ПОҚ, қызметкерлері мен студенттері қоғамдық, мәдени жұмыстарға, спорттық іс шараларға, олимпиадалрға, конкурстарға қатысады.

Студенттер өз білімдерін жетілдіру үшін университетте өткізілетін «Сатпаев оқулары» конференциясына, конкурстарға және ғылыми жобаларға, спроттық үйірмелерге және студенттер Спартакиадасына, КТК және басқа да іс-шараларға белсенді қатысады. Жаппай студенттер ұжымын құру және тәрбилеу барысында әртүрлі іс шаралар, мерекелер, спрорттық жарыстар және т.б. жүргізіліп тұрады

Университетте жыл сайын студенттердің өзін-өзі басқару апталығы жүргізіледі. Студенттердің өзін өзі басқаруы академиялық топ старостатттары түрінде іске асырылады. Белсенді және үлгерімі жоғары студенттерден құралған студенттік деканат құрылады.

«Машина жасау күні» аясында қыркүйектің соңғы жексенбісінде металлургия, машина жасау және көлік факультетінің студенттік өзін-өзі басқару мүшелері Сарыбай Акбота, Аркалыков Канат, Сарыбай Абай, Шерба Еламан, Токтаргазиев Жансерик және т.б. «Лего» конкурсын ұйымдастырды, сонымен қатар студенттерге машина жасау «Символы» ретінде нәтижесінде олар бірге жиналатын бұранда, гайка таратты.

Конкeрс нәтижесінде жеңімпаздар машина жасау «Символдарымен», тәтті сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды:

1 орын – Кабдрашитова Р. және Айкен Д.

2 орын – Кайыркеш Д. және Садуакасов Г.

3 орын – Толеген Б. және Дайкенова У.

Ары қарай факультет басшылығы мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымы бірлесіп факультеттің кәсіби күніне арналған мерекелерге орай іс шаралар, конкурстар өткізіп отырады.

Еңбек күніне орай металлургия, машина жасау және көлік факультетінде 2014 ж. 17 қыркүйегінде «Замандас» ардагерлер клубының директоры Шакаримов Қабидолламен студенттердің кездесуі өтті және 2014 жылдың 25 қыркүйегінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің көліктік техника және логистика кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Абылхан Қарақаевпен магистранттардың кездесуінде, ол магистарнттарға ғылыми зерттеу нітижелерін патенттеу жолдарын, кәсіби оқу-жаңалық ашу жолдарын түсіндіріп берді.

2014 жылдың 19 қарашасында Б-201 аудиториясында 1 және 2 курс студенттеріне арналған «Конфессионалды аралық қарым-қатынасты дамыту және талдау орталығы» КМО қызметкерлері басшылығымен, ақпараттық түсіндіру жұмысы жөніндегі бөлім бастығы Асанбаева З.О., бөлім инспекторы Бегимбаева Г.Ш. және «Ақ мешіттің» найб имамы теолог (дінтанушы) Утепов А.К төмендегідей тақырыпта дәріс өткізді: «Профилактика вовлечения молодежи в деструктивные культы и псевдорелигиозные организации. Противодействие современному религиозному экстремизму и терроризму». Бұдан басқа «Дорога к истине», «Сирийский капкан» және т.б.

Кесте бойынша 2015 жылдың 9 – 22 ақпан аралығында металлургия, машина жасау және көлік факультеті Студенттер үйінде тұратын студенттердің ММжКФ деканымен, МжС кафедрасының профессоры Н.С. Дудакпен кездесуін өткізді және келесі іс- шараларды ұйымдастырды: «Машфак глазами студентов» конценттік бағдарламасын; ҚР терроризм және дініи экстермизмнің алдын алу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында «Покаяние», «Лжецы», «Дорога к истине» және т.б. филімдерін көрсету; Дудак Н.С. «Человек – как часть системы», «Поликультурное воспитание студентов» тақырыптарында дәріс оқыды.

Металлургия, машина жасау және көлік факультетінде 2 күн бойы (осы жылдың 17-18 наурызы) Наурыз және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай серекелік іс шара өткізілді.

Аталмыш жылдың 17-наурызында кафедралардың қабырға газеті, ұлттық бұрышты безендіруі бойынша қаралды, комиссия мүшелері төмендегідей: ММжКФ деканы Тоқтағанов Т.Т., комендант Бекдосова Б.М., кітапханашы Ерёмина Л.М., медбике Бекмырза А.С., ОҮ маманы Мукатова А.Ж., ОҮБҰБ маманы Айгожина Д.Г., ОПМ бастығы Кумаров Т.К.

Бірінші күнгі ұлттық бұрышты безендіру конкурсының қорытындысы бойынша көліктік техника және логистика кафедрасы грамота мен тәтті сыйлықтарды ұтып алды.

Қабырға газетін салу номинациясы бойынша грамота мен тәтті сыйлықтармен марапатталды: 1 орын машина жасау және стандарттау кафедрасы; 2 орын – көліктік техника және логистика кафедрасы; 3 орын – механика және мұнайгаз ісі кафедрасы.

18 наурызда Б-201 аудиториясында мерекелік концерт өтті. Концерттік бағдарламалары төмендегідей бөлімдерден тұрды: кафедраның құттықтауы; викторина; Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен салттарын көрсететін концерттік номер.

Концерт барысында әрбір турге комиссия мүшелері баға беріп отырды, Қазақстанның әр халқының ұлттық киімдері, әндері, билері көрсетілді – қазақ, орыс, шашан, грузин және т.б.

Нәтижесінде ең көп бал жинаған кафедра механика және мұнайгаз ісі кафедрасы факультет деканының АУЫСПАЛЫ КУБОГІ ГРАН-ПРИді жеңіп алды. Былтыр, яғни 2014 жылы бұл кубокты металлургия кафедрасы жеңіп алған еді.

1, 2 және 3 дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар басқа кафедраларға бұйырды:

1 орын – Көліктік техника және логистика кафедрасы;

2 орын –Металлургия кафедрасы;

3 орын – Машина жасау және стандарттау кафедрасы

Бұдан басқа салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың үздік көріністері үшін бағалы сыйлықтар берілді:

1 орын –Механики және мұнайгаз ісі кафедрасы;

2 орын –Металлургия кафедрасы;

3 орын – Көліктік техника және логистика кафедрасы.

Неізгі еңбектік тәрбие өндірістік тәжірибе мен еңбек арқылы оқытуды біріктіру болып табылады. Кесте бойынша ММжКФ территориясын жинау және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы іс шараларға факультеттің барлық кафедралары белсенді қатысты.