Кафедрада тәрбие жұмысы негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: жалпы университеттік шаралар, мемлекеттік мерекелер; ұйымдастырушылық шаралар; саналық тәрбие; еңбек тәрбиесі мен кәсіби ориентациялық жұмыс; патриоттық, интернационалды тәрбие; құқықтық тәрбие; денсаулықты өмір түрі, туристтік-спорттық жұмыс; экологиялық тәрбие; жатақханадағы жұмыс.

Әрбір студенттік топқа эдвайзер бекітілген, жүйелі түрде топпен кездеседі, топтағы жағдайды жақсы білуі тиіс, әрбір студенттің мәселесін білуі тиіс. Дәстүрлі түрде кафедрада «Студентке арнау» іс шаралары өткізіледі, театрға қатысады, музейге барады. Кураторлық сағатта жүйелі түрде үлгерім мәселесі қаралады, сабаққа қатысуы, тәртіп мәдениеті, этикалық және еңбек тәрбиесі қаралады және басқалары.

Студенттік топтарда "Конституция сабақтары", "Денсаулық күні", Студенттер қатарына қабылдау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, "ҚР Тәуелсіздік күні", жаңа жылдық мерекелер тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді. СиС-102, СжС-101, СжС-101(қ), Мс-102, Мс-102(с), Мж-101 топтарының студенттері Денсаулық күніне арналған 2018 жылдың 15 қыркүйегінде С. Торайғыров атындағы ПМУ Ертіс алқабында өткен жорыққа қатысты. СжС-101, Мж-101, Мс-102, СиС-102 топтарының студенттері сайыстарға және спорттық жарыстарға қатысты. Арқан тарту жарыстарында I орын үшін Диплом; туристік эстафетада I орын үшін Диплом; футбол, волейбол жарыстарында II орын үшін Диплом; "салт аттылар жарысы" жарыстарында III орын үшін Диплом алды. Белсене қатысқан студенттер: Мж-101: эстафетада Д. Серік; футболда М. Абдулаев, А. Халийханұлы; волейболда М. Шаменов, З. Газизов, А. Максен; салт атты күрес - М. Бисембаева.

Фото – Денсаулық күні, қыркүйек 2018 ж.

Фото – Футбол бойынша команда - 2 орын

2018 жылдың қыркүйек айында 1-4 курс студенттері мен кафедра оқытушыларының қатысуымен сенбілік өтті

Фото – сенбілік, қыркүйек 2018 ж.

Барлық топтарда ағымдағы үлгерім және қысқы сессия мәселелері бойынша кураторлық сағаттар, қысқы сессия нәтижелері, студенттердің үлгерімсіздігі бойынша шаралар қабылдау өткізілді. Студенттер 02.03.2018 жылы мұз сарайында өтетін Универсиаданың ашылуына белсене қатысты. СиС-102, СжС-101, СжС-201, СжС-101(қ), Мж-201, Мс-102 топтарының студенттері 2018 жылдың 19 наурызында Наурыз мерекесін өткізуге белсенді қатысты. СиС-301 және Мж-301 тобының студенттері мерекелік концертте өнер көрсетті, ал СиС-102 студенттері қабырға газеттеріне қатысты. 22 Сәуір 2018 ж. "Рұхани жанғыру" бағдарламасы аясында СжС-301 тобының студенттері қатысты.