С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті 050718 — «Электр техникасы» мамандығы бойынша «электр техниканың бакалавры» біліктілігін беріп, студенттерді дайындайды және жиынтық жүргізеді (07.08.2004 жылғы №671 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізіндегі мемлекеттік лицензиясы АА №0000038).

ЖОБ, ОПБ негізінде ішкі оқыту нысаны;  ЖОБ, ОПБ негізінде сырттай оқыту нысаны (оқытудың дистанциондық технологиясы).

Оқу - мемлекеттік және орыс тілдерінде.

5В071800 – «Электроэнергетика» мамандығы (Білім беру бағдарламасы) мынадай мамандандыруларға бөлінеді:

• Электрмен жабдықтау (сала бойынша):

• Электроэнергетикалық жүйелер мен тораптар;

• Технологиялық кешендерді автоматтандыру және электртарту ;

• Электрлік станциялары.

• Релелік қорғаныс.

Студенттердің жиынтығына мемлекеттік грант, сондай-ақ келісім шарт негізіндегі оқу түріне көп жеңілдіктер жасалады.

Бакалаврларды дайындауда арнайы пәндер бойынша студенттерді мультимедиялық компьютерлік бағдарламаларды, ауқымды технологияларды қолдануға үйретеді.

Дипломдық және курстық жобалар автоматты жобалау жүйесін қолдану арқылы, сондай-ақ электроэнергетикалық, электртехникалық нысандар мен жүйелер көрсеткіштерін инженер есебі үшін ауқымды жаңа компьютерлік бағдарламаларды қолдану жүргізіледі.

050718 – «Электр техникасы» мамандығын бітірген түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

«Электр энергетикасы» кафедрасы ТМД елдерінің жетекші оқу орындарымен шығармашылық байланыстарды, сондай-ақ мынадай халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатуда: В.П. Горячкин ат. Мәскеу аграрлы-техникалық университеті, Мәскеу қаласы; Мәскеу энергетикалық институтымен, Мәскеу қаласы; Мәскеу кен институты, Мәскеу қаласы; Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті, Челябинск қаласы; Орал университеті, Челябинск қаласы, Орал мемлекеттік техникалық университеті, Челябинск қаласы, Политехникалық университет, Ворцлав қаласы; Кен академиясы, Краков қаласы, Польша; Кен-минералды институты, София қаласы, Болгария; ШАТН Швейцария Академиялық Техникалық ғылымдары, Бранко Вейсс қорымен; Америка библиографиялық институты, Солтүстік Каролина штаты; Халықаралық библиографиялық орталығы, Кембридж, Англия; Америка «Халықаралық ғылыми-техникалық орталығы».

«Электроэнергетикасы» кафедрасында электр энергетикалық мамандықтар бойынша магистратура, аспирантура және докторантура ашылды.