«Өндірістік жылуэнергетикаcы» мамандығы бойынша мамандарды даярлау 1974 жылдан бері жүргізіліп келеді, 220140 «Жылу электр станциялары» мамандығы 1991 жылдан, ал «Су және отын технологиясы» мамандығы 2001 жылдан бастап жүргізілуде.

5В071700 «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша бакалаврларды даярлау 2004-2005 оқу жылынан бастап жүргізілуде және 5.03.001-2004 ҚР ЖМБС-ға сәйкес жоғары кәсіби білім беру аясында жүзеге асырылуда.

Академиялық дәреже: жылу энергетикасының бакалавры.

Білім беру бағдарламасы

Оқу мерзімі: 4 жыл – ЖОБ негізінде күндізгі оқу түрі; 3 жыл — ОКБ негізінде күндізгі; 3 жыл – орта кәсіби және жоғары кәсіби база негізіндегі сырттай оқу түрі. Оқыту: қазақ, орыс.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-де 6М071700 – Жылу энергетикасы мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық бағытпен магистранттарды даярлау 2003 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқытылады. Магистранттарды даярлау ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 ж. 14.05-дегі №414 бұйрығына сай берілген АА №0000038 лицензия негізінде және 3.09.214-2004 ҚР ЖМБС-ға сәйкес оқытылады және оқытылуда.

Барлығы 600 жұмыстар жарияланды, оның ішінде 20 шақты оқулықтар, оқу құралдары мен монографиялар, 80 шақты авторлық куәліктер, 12 патенттер, ХШЖК екі күміс медальдары алынды.