Кафедраның құрылу тарихы

«Электротехника және автоматтандыру» кафедрасы «Автоматтандыру және басқару» (1989 ж.құрылды) және «Электротехника, электроника және телеқатынас» (2008 ж.құрылды) кафедраларының негізінде 2014 ж.құрылды.

Кафедра қазіргі өндіріс саласының әрбір жүйесінде өз бетімен шығармашылық жобалау есептерін шығаруда, зерттеулерде, жөндеулерде және пайдалануда жұмыс істей алатын бакалаврлар мен магистлардың дайындығын жүргізеді.

Оқу үдірісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметтегі тәжірбиесі мол, біліктілігі жоғары оқытушылар жүргізеді. Олардың қатарында 5 профессор, 1 техника ғылым докторы 6 , 5 докторов PhD техника ғылым кандидаты. Студенттерді оқытуға қала мен облыстың жетекші ұйымдары мен кәсіпорындарынан біліктілігі жоғары ғылыми мамандар тартылады.

Кафедрада оқытуды өткен мамандар Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің әр түрлі салаларында және жобалау-құрылымдық мекемелерінде және де әр түрлі өнеркәсіп мекемелерінде ойдағыдай еңбектеніп жатыр.

Кафедра студенттерінің ғылыми конференцияларға қатысуына үлкен назар аударылады. Үздік студенттер оқу жадығаттарын терең меңгеру мақсатында және қосымша білім алу үшін кейіннен студенттік ғылыми-техникалық конференциялар мен арнайы бөлімдегі дипломдық жобаларға қатысуына, баяндамаларды орындауға назарға алынады.

 

Кафедра құрылғаннан бері Павлодар-Екібастұз аумағындағы кәсіпорындарына тапсырыс бойынша әртүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындады. Жалпы 93,5 млн.тг. құрайтын 35 астам ҒЗЖ жасалды.

 

 

Кафедра басшылығы

 

Т.А.Ә.: Нефтисов Александр Витальевич

Қызметі: кафедра меңгерушісі қ.а.

Оқу, академия дәрежесі: доктор PhD

Оқу, академиялық атағы: -

Білімі: жоғары, 2011 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-де 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірді. 2013 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-де 6М070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін ізденуге ұсынылған диссертациясын қорғады. 2016 жылы 6D071800 – «Электроэнергетика» мамандығы бойынша доктор дәрежесін ізденуге ұсынылған диссертацияны ойдағыдай қорғады. 2017 жылдың ақпанында білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетімен доктор PhD болып бекітілді. 

Жұмыс мерзімі: С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Электротехника және автоматтандыру» кафедрасында оқытушы қызметінде жұмыс атқарды. 

Ғылыми еңбектер тізімі: ғылыми қызметі кезінде 18 ғылыми жұмыстар жариялады: SCOPUS базасына кіретін шетелдік басылымдарда – 2 жұмыс; ҚР БҒМ БҒСБК ұсынатын ғылыми баспалар тізбесі бекітілген басылымдарда – 10 (оның ішінде Thomson Reuters дәйексөз алынған 5 ҚР патенттері және 2 РФ патенті); конференциялардағы баяндамалар – 6, оның ішінде екеуі шетелдік.

Марапаттар, сертификаттар, дипломдар: Томск ұлттық политехникалық зерттеу университетінде «Автоматтандыру және басқару» және «Электрэнергетикалық жүйелердің режимдерін модельдеу» бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыруды өтті. Санкт-Петербург қ. "Ракурс-инжиниринг" ЖШҚ оқу-консультациялық орталығында "Бу турбинасын реттеу және қорғау жүйесінің Электр бөлімінің бағдарламалық-техникалық кешені" және "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ Оқу орталығында "Өндірістік ұйымдардың қауіпсіздік және еңбекті қорғау үшін жауапты тұлғалар және басшы қызметкерлердің қауіпсіздігі және еңбек қорғауы" оқу курстарын ойдағыдай бітірді.

  

Кафедраның мекен-жайы: ҚР 140000, Павлодар қ., Ломов к., 64, Электротехника және автоматтандыру (331 ауд.) — тел. 8(7182) 673657 ішкі. 1166

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

 Профессор-оқытушылар құрамы

 Оқу-зертханалық база

 Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Модулдiк анықтамалық

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер