Кафедрасының жетістіктері

Бағыт Жетістіктер
Оқу жұмысы 2017-2018 оқу жылы студенттер саны 111 адам құрады.

Олардың ішінде: бакалавриат - 103, магистратура - 7. 5В060900-География мамандығы бойынша оқу жетістігі – 3,3 %, 5В090200-Туризм мамандығы бойынша 4,66 % артты.

Академиялық мобильділік бойынша Тур–201 тобының студенттері Ибрагимов А., Есим А. Латвия, Рига қаласында Туриба Университетінде оқып келді.

Оқу-әдістемелік жұмыс Оқу-әдістемелік құралдар, электрнды оқытушы курстар және бейне-лекциялар шығарылды:

1. Есимова Д. Д. – 1 электронды оқулық и 1 бейне-лекция, 1 105–185 Мб көлеміндегі онлайн курс.

2. Кочетков М. Ю. – монография «Павлодар облысындағы демографиялық аспекттының жүзеге асу концепциясының тұрақты дамуы» (С. Торайгыров атындағы ПМУ, 106 бет.).

Ғылыми Оқытушы Досова М.Т., Чашина Б.А. мақсатты докторантураға Е.Гумилев атындағы ЕҰУ түсті.

Кафедрада п.ғ.с, кауым. проф. Есимова Д. Д, PhD докторлар Каирова Ш. Г., Алькеев М. А басшылығымен бастамашыл ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Есимова Д. Д. ҚР БҒМ министрінің алғыс хатымен марапатталды.; Ажаев Г. С., Алькеев М. А. Халықаралық К.И.Сатпаев атындағы олимпиаданың қазылар алқасының мүшелері болып табылады; Каирова Ш. Г. ҚР БҒМ вице-министрінің «Олимп шыңына жетелеуші» сертификатымен марапатталды; Каирова Ш. Г. Республикалық География пәні бойынша олимпиаданың қазылар алқасының мүшесі болып табылады.

Біліктілігін арттыру курстарынан өтті:

1.Есимова Д. Д., Ажаев Г. С. – «Энергетика, қоршаған ортаны қорғау, инженерлік қауіпсіздік және өнеркәсіптік экология саласындағы үздіксіз кәсіби дамуы» атты біліктілікті арттыру курстарына қатысты. Павлодар қаласы, 06.10.2017 ж.

2. Есимова Д. Д., Ажаев Г. С., Каирова Ш. Г., Алькеев М. А., Чашина Б. А., Какежанова Ш.К., Сергазинова З.М. – «әлеуметтік-экономикалық географияның ағымдағы проблемалары және жергілікті туризмнің даму факторлары атты біліктілікті арттыру курстарына қатысты., 20.04.2018ж;

3. Есимова Д. Д., Ажаев Г. С., Каирова Ш. Г., Алькеев М. А., Чашина Б. А., Какежанова Ш. К., Сергазинова З. М. – «Экскурсия тануға кіріспе» бастаушы экскурсия жүргізушілер және гидтар үшін. атты біліктілікті арттыру курстарына қатысты., 20.04.2018;

4. Чашина Б. А. – Республикалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының сертификаты «Жаңартылған білім беру жағдайындағы инновациялық педагогикалық технологиялар». Кафедра студенттері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік Университетінің «Баянтау» турбазасында «Жасыл экономика» «экологиялық мәдениеттің жаңа типі» ІІ жазғы мектебінің жұмысына қатысты.

НКАОКА 2016 жылғы рейтінгінде «География» и «Туризм» білім беру бағдарламалары 6М060900-География және 6М090200–Туризм магистратура мамандықтары бойынша Қазақстанның 6 ЖОО арасындағы білім беру бағдарламаларының рейтингі бойынша 1 орында. Бакалавриаттың 5В060900-География мамандығы бойынша 3 орын, 5В090200-Туризм мамандығы бойынша 5 орынды рейтингте алып отыр.

Г-201 тобының «Геостар» студенттер командасы ІХ Республикалық студенттер олимпиадасының жеңімпаздары ретінде Дипломдарымен марапатталды. (2 орын). Есим Аяна, Тукуева Алия Астана қаласының Жастар саясатының Депортаментымен жасалған, ҚР Тәуелсіздікгінің 25 жылдығына арналған жастар арасындағы «Туризмнің Қазақстанда даму болашағы» конкурсына қатысты.

Топтарының студенттері және магистранттары ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «8 Торайғыр оқулары» халықаралық ғылыми- практикалық конференциясына қатысты. Ғылыми жариялаулар саны 50, оның ішінде шет елдік басылымдарда шығарылған, Scopus базасына енетін - 2.

Тәрбиелік Кафедра студенттері Республикалық деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысып, құрмет грамоталарымен марапатталды.