Оқу-әдістемелік жұмыс

Агротехнологиялық факультет өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, МЖМБС, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы негізінде атқарады.

Оқу-әдістемелік жұмыс факультеттің жоспарымен сәйкес жасалады. Оқу-әдістемелік жұмыс:

– мамандықтардың жаңа білім беру бағдарламаларын жасауға;

– мамандықтың, пәннің оқу-әдістемелік кешенін жасауға;

– оқу-әдістемелік құралдар жасауға;

– магистрлік дииссертация, курстық және дипломдық жұмыстарының тақырыптарын жұмыс берушілердің талабына сай және ғылымның заманауи дамуына байланысты өзгертуге бағытталған.

Факультеттің кітаппен қамтамасыз етілуі нормаларға сәйкес.

2009 жылдан бастап факультетте 5В080100 Агрономия, 5В080200 Мал шаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы, 5В080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы, 5В070100 Биотехнология, 5В072700 Азық түлік өнімдерінің технологиясы, 6М080100 Агрономия, 6М080200 Мал шаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы, 6М070100 Биотехнология, 6М072700 Азық түлік өнімдерінің технологиясы мамандықтары бойынша мамандарды даярлауда модульдық оқу жоспарлары бекітілген.

5В080100 Агрономия, 5В080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы, 5В072700 Азық түлік өнімдерінің технологиясы, 6М080100 Агрономия, 6М072700 Азық түлік өнімдерінің технологиясы мамандықтары бойынша мамандарды даярлауда ерекше орын алатын дуалды білім беру технологиясы енгізілген.