Үздік түлектер

Факультеттің түлектері туралы мәліметтер: Ауылшаруашылық өндіріс тиімділігін жоғарылатудың шешуші факторы жоғары білікті кадрлар болып табылады. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2004 жылдан бастап ауыл шаруашылығына арналған мамандар даярлай бастады. Осы жылы зоотехния және орманшаруашылық ісі бакалаврларының екінші жылғы түлектері шығарылды. Аз уақыт аралығында біздің түлектер ауылшаруашылық өндірісіне өз үлестерін қосуда, сонымен қатар  оқу және ғылыми мекемелерде қызмет істейді. Біздің түлектер «Рубиком» ЖШС малшаруашылық кешенінде алдыңғы қатарлы қызметтерді атқарады. Мысалы, Пиотровский Юрий зоотехник – селекционер болып жұмысын бастаса, ал қазір бас зоотехник. Бакауов шаруа қожалығында «Победа» ЖШС-да Мелихов Д. зоотехник-селекционер, «Галицкое» ЖШС-да Бородавкин Н. агроном болып қызмет істейді. Түлектер  Макенова Ж., Байгелова А. аграрлы-техникалық колледжінде оқытушы қызметін атқарады. Ауыл шаруашылығының Павлодар ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкерлер – Айдарханов Е., Михайличенко А., Шекеев Д.

Кейбір түлектер С. Торайғыров атындағы ПМУ магистратурасында оқуларын жалғастыруда. Олар Каптюр И., Сейфулина М., Абильшаикова А. Зоотехния баклаврлары Абен С., Шарапиев Д., және Смагулов Д. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің магистратурасына түсті. Олар ҚазҰАУ магистратурасындағы 4 гранттың 3-еуін иеленді. Тек бір орынды ғана өздерінің түлегі иеленді. Бұл біздің университет түлектерінің жоғары білім деңгейін көрсетеді.