Оқу жұмысы

2022-2023 оқу жылы бойынша Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінде күндізгі оқу форма бойынша 838 студент білім алады, оның ішінде 444 грант және 354 ақылы негізінде. Студенттердің үлгерімі 2 % артты. Мамандықтар бойынша ПОӘК және МОӘК жинақталған, факультеттің барлық мамандықтары бойынша оқу бағдарламалары құрастырылған және жұмыс берушілермен келісілген, сонымен бірге модульдік бағдарламалар жаңартылған.

Бакалаврлар мен магистранттарды сапалы теориялық дайындау жұмыстары жүргiзіледі және бұны үлгерiм деңгейi куәландырады: 2021 -2022ж.ж. - 92%; 2022-2023ж. ж. – 94%.

Түлектердi жұмысқа орналастырудың пайызы тұрақты шегiнде қалып отыр, 2022 ж. – 92%; 2023 ж. -100%.