Оқу-әдістемелік жұмыстар

Кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыс кафедра, факультет, ОӘБ, университет пен факультеттің ғылыми кеңестерінің жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Кафедра жұмысы факультет жұмысының жоспарымен сәйкестендіріліп отырады. Кафедра, әдістемелік бірлестіктердің және ғылыми-әдістемелік семианарлары мәжілістерінің жоспарлары, есептері және хаттамалары жасалады. Аталған мамандық бойынша арнайы курстар мен арнайы семинарлардың бекітілген тақырыптары бар, олардың оқылуының курстар мен блоктар бойынша оқытылуының кестесі жасалған.

Арнайы курстар мен арнайы семинарлар оқу-әдістемелік ұсынымдармен, оқу бағдарламаларымен жабдықталған. Арнайы және кәсіби пәндер бойынша тәжірибешілік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар бар.

Пәндердің жұмыс бағдарламалары мемлекеттік білім стандарттарымен, мамандықтардың типтік және жұмыс жоспарларына сәйкес жасалады.

Кафедра оқытушылары мамандарды даярлаудағы оқу үрдісін үнемі жетілдіру үшін жұмыс атқарып отырады. Мамандықтардың студенттеріне арналған арнайы пәндер циклы бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешендер дайындалған.