Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар

Кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыс кафедра, факультет, ОӘБ, университет пен факультеттің ғылыми кеңестерінің жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Кафедра жұмысы факультет жұмысының жоспарымен сәйкестендіріліп отырады. Кафедра, әдістемелік бірлестіктердің және ғылыми-әдістемелік семианарлары мәжілістерінің жоспарлары, есептері және хаттамалары жасалады. Аталған мамандық бойынша арнайы курстар мен арнайы семинарлардың бекітілген тақырыптары бар, олардың оқылуының курстар мен блоктар бойынша оқытылуының кестесі жасалған.

Арнайы курстар мен арнайы семинарлар оқу-әдістемелік ұсынымдармен, оқу бағдарламаларымен жабдықталған. Арнайы және кәсіби пәндер бойынша тәжірибешілік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар бар.

Пәндердің жұмыс бағдарламалары мемлекеттік білім стандарттарымен, мамандықтардың типтік және жұмыс жоспарларына сәйкес жасалады.

Кафедра оқытушылары мамандарды даярлаудағы оқу үрдісін үнемі жетілдіру үшін жұмыс атқарып отырады. Мамандықтардың студенттеріне арналған арнайы пәндер циклы бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешендер дайындалған.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Тарих кафедрасының ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары:

1.    Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы және қалыптасуы: тарихы және тарихнамасы.

2.    Деректану.

3.    Қазақстан тарихнамсасының әдіснамалық проблемалары

4.    Өлкетану. Қоғамдық-саяи қозғалыс.

5.    Қазақстанда миграциялық процесстер.

6.    Өлкеде ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы

Кафедра Г.Н.Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайымен бірге Павлодар облысының территориясына археологиялық және этнографиялық экспедицияларды ұйымдастыруға мұрындық болып отырады.

Біздің ұжымымыз республиканың басқа да оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Олардың ішінде:

- ҚР ҰҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты;

- ҚР ҰҒА-ның Ә.Марғұлан атындағы археология институты;

- Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ;

- Шығыстану институты, Қыпшақтану институты;

- Абай атындағы ҚазМПУ;

- Л.Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік университеті;

- С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті;

- Е.Букетов атындағы ҚарМУ; -Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті;

- Президенттік мәдени орталық;

- Ресей ЖОО: Омбы МУ, Қалмық МУ (Элиста қаласы);

- Қырғызстан МУ.