Қойылған күні : 19.11.2013
Сәлеметсіз бе! Мен ПГПИ -дің 2 курс биология мамандағының студентімін. Мен ПГУ оқу орнына 3 курсына ауысып кете аламын ба? тек мұғалімдікке емес...
Жауап күні: 05.12.2013
Сәлеметсіз бе, Динара! Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойыншаауыстыру және қайта қабылдау қағидасына сәйкес С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жазғы және қысқы демалыс уақытында, бір академиялық кезең аяқталғаннан кейін өтініш білдіре аласыз. Егер де Сіз мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқысаңыз, мамандықты ауыстырған жағдайда мемлекеттік грантыңыз сақталмайды. Қосымша ақпарат алу үшін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінін студенттік бөліміне хабарласауыңызға болады (телефон 673634, ішкі 1127, 1118, А-115).