Диссертацияны қорғау (видео)
ХАБАРЛАНДЫРУ

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Заманауи мектеп оқулығының мәдени мазмұнының педагогикалық тұжырымдамасы» тақырыбындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған Уайханова Меруерт Асетовнаның диссертациясы қорғалады.

Диссертация С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Психология және педагогика» кафедрасында орындалды.

Рецензенттер:

Мирза Наталья Викторовна – педагогика ғылымдарының докторы, доцент, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық» кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қ.;

Омарова Вера Константиновна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Педагогика» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.01.

Ғылыми кеңесшілер:

Ушакова Наталья Михайловна – педагогика ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, Павлодар қ., Қазақстан; мамандығы 13.00.02;

Снопкова Елена Ивановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, А. А. Кулешов атындағы Могилев мемлекеттік университетінің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, Могилев қ., Беларусь мамандығы 13.00.01.

Қорғау 2019 жылғы 11 желтоқсанда сағат 10:00-де С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы «8D011 (6D010300 – Педагогика және психология мамандығы)» дайындық бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді: 140000, Павлодар қ., Ломов к-сі, 64, С. Торайғыров атындағы ПМУ, бас корпус, диссертациялық кеңес мәжіліс залы, ауд. А-101.

Сайт мекен-жайы: www.psu.kz , e-mail: pgu@psu.kz