Диссертацияны қорғау (видео)
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Торайғыров Университеті» КЕАҚ Диана Кайратовна Асаинованың «8D07103 – Электр энергетика» мамандығы бойынша «Магниттік тоқ түрлендіргішінде кернеуі 1000 В дейінгі желілердің тоқ қорғаныстарын құру» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену диссертациясын қорғау шарасы өтеді.

Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Диссертация «Торайғыров Университеті» КЕАҚ «Электр энергетика» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Иванова Елена Васильевна – т.ғ.д. (05.14.02 Электр станциялары мен электр энергетикалық жүйелер), доцент, Сібір мемлекеттік су көлігі университетінің «Электр энергетикалық жүйелер және электротехника» кафедрасының профессоры;

Олейник Сергей Иванович – т.ғ.к. (05.14.02 – Электр станциялары мен электр энергетикалық жүйелер), академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының «Энергетика» кафедрасының доценті.

Ғылыми кеңесшілер:

Новожилов Александр Николаевич – техника ғылымдарының докторы, «Торайғыров Университеті» КЕАҚ профессоры;

Горюнов Владимир Николаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Омбы мемлекеттік техникалық университетінің «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» кафедрасының меңгерушісі.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

Майшев Павел Николаевич – т.ғ.к. (05.14.02 Электр станциялары мен электр энергетикалық жүйелер), «К4» ЖШҚ бас директоры;

Сафарбаков Алексей Альбертович – т.ғ.к. (05.14.02 Электр станциялары мен электр энергетикалық жүйелер), ЖШС «Павлодартехэнерго» техникалық директоры;

Тоқомбаев Мират Төлегенұлы – т.ғ.к. (05.14.02 – Электр станциялары мен электр энергетикалық жүйелер), «Arm Wind» ЖШС ЖЭК объектілерінің менеджері.

Диссертацияны қорғау 2022 жылғы 05 желтоқсанда сағат 10:00-да онлайн-режимде «Торайғыров Университет» КЕАҚ электр энергетика бойынша Диссертациялық кеңесте ZOOM платформасында болады. Сілтеме:

https://us02web.zoom.us/j/83285604990?pwd=emV2bm41TTM3MkpBOHU1dURiSll1QT09

Идентификатор конференции: 832 8560 4990

Код доступа: ToU2022

Сайттың мекен-жайы: www.tou.edu.kz, e-mail: bokamashrapov@mail.ru