Институт туралы

Үздіксіз білім беру институты Торайғыров университетінің құрылымдық бөлімшесі. Институт үздіксіз оқыту (Lifelong Learning), қосымша және бейресми білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Институттың қызметі кәсіби құзыреттерді дамытуға, мамандардың біліктілігін арттыруға, өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және өңір халқының, ұйымдары мен кәсіпорындарының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

 

Институт қызметінің негізгі бағыттары

Институт үздіксіз білім беру бағдарламаларын (тағылымдамалар,семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары және басқа да білім беру        іс-шаралары) келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

  • Торайғыров университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
  • мектеп оқушыларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге дайындауды жүзеге асыратын дайындық курстары;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдерін және шетелден келген, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына одан әрі түсуге дайындау және бейімдеу мақсатындағы дайындық бөлімі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы).
  • ·«Күміс университет» жобасы аясында аға буын азаматтарын оқыту;
  • қазақ, орыс және шет тілдері бойынша оқытудың қосымша түрлерін ұйымдастыру;
  • педагогтердің біліктілігін арттыру және экономиканың түрлі салаларындағы мамандардың кәсіби дамуын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың сұраныстары бойынша корпоративтік білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын өзге де білім беру бағдарламалары.

Институт университеттің жетекші оқытушыларын, практиктерді, отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, күндізгі, қашықтан және аралас форматтарда оқытуды жүзеге асырады.

Байланыс ақпараты
Құжаттарды қабылдау және кеңес беру Toraighyrov University Үздіксіз білім беру институтында жүзеге асырылады: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, А бас ғимараты, 110-кабинет, ішкі нөмірлері: 1182, 1104.