Оқу ережелері мен шарттары
Институт Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды, білім беру ұйымдарын, кәсіпорындар мен өзге де мүдделі ұйымдарды оқытуды ұйымдастырады.
Институттың білім беру қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, білім беру лицензиясына және «Торайғыров университеті» КЕАҚ Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Институт ақылы білім беру қызметтерін көрсету кезінде ҚҚС төлеушісі болып табылмайды.
Оқыту
Тыңдаушылар курсқа жасалған шарт, курстарға берілген өтінім және біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы негізінде бұйрықпен оқуға қабылданады.
Оқыту шарт талаптары орындалғаннан және ақылы негізде оқыған жағдайда төлем расталғаннан кейін басталады.
Біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы құжаттар ИНО тарапынан сертификаттарды тіркеу және беру журналына тиісті жазба енгізіле отырып беріледі.
Оқыту білім беру бағдарламасына байланысты күндізгі, қашықтан немесе аралас нысанда жүргізілуі мүмкін.
Тыңдаушылардың құқықтары
- Сапалы білім беру қызметтерін алуға;
- Оқу материалдарын пайдалануға;
- Оқытушылардан консультация алуға;
- Оқу бағдарламасын сәтті меңгерген жағдайда оқуды аяқтағаны туралы құжат алуға.
Тыңдаушылардың міндеттері
- Белгіленген талаптарға сәйкес сабақтарға қатысу;
- Ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
- Оқу жоспары мен тапсырмаларды орындау;
- Институттың мүлкіне ұқыпты қарау;
- Академиялық әдеп нормаларын сақтау.
Оқу ақысы және төлеу тәртібі мен төлем жасау тәсілдері:
- Банктік деректемелер бойынша;
- Мемлекеттік сатып алулар шеңберінде ұсынылған шот және қол қойылған акт негізінде (шарт талаптарына сәйкес).
Деректемелер:
1. «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64
БСН: 990140004654
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
ЖСК: KZ 15 6010 2410 0000 3308
БСК: HSBKKZKX
КБе: 16
КНП: 861
Тел.: 8 (7182) 673665 (1182)
2. Kaspi мобильді қосымшасы арқылы:
Төлемдер → Білім беру → ЖОО → «Торайғыров университеті» КЕАҚ бөліміне өту қажет.
Одан кейін «Факультет» орнына «ИНО», ал «Курс» орнына «Курсы ПК» деп көрсету қажет.
Төлем мақсаты: курстар үшін.
Түсініктеме: курс тақырыбын немесе лектордың Т.А.Ә. жазу қажет.