Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарында корпоративтік басқару тәжірибесі салыстырмалы түрде жақында белсенді түрде дами бастады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 қаулысына сәйкес С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылды.

Осы сәттен бастап университетте Қоғам қызметін басқарудың ашықтығын, есептілігін және тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік басқару жүйесі енгізілді.

Қоғамның жалғыз акционері әрі жоғары органы — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Басқару органы — Директорлар кеңесі. Оның құрамына акционердің өкілдері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз директорлар кіреді.

Басқарма — алқалы негізде университет қызметіне басшылықты жүзеге асыратын Қоғамның атқарушы органы.