«Биология және экология» кафедрасының үздік түлектері

 Абылхасанов Талғат Жұмагелдіұлы – 2004 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «үздік» бітірді. 2004-2005 жылдары «6N0607 – Биология» мамандығы бойынша магистратурада, 2005-2007 жылдары «03.00.08 – Зоология» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды. 2012 жылы «6D060700 – Биология» мамандығы бойынша докторантураға түсті. Ғылыми еңбектері – 16, соның ішінде 2 мақала WEB of Sceince және Scopus мәлімет базасына енетін журналда жарияланған. Бүгінгі күні  С. Торайғыров атындағы ПМУ «Биология және экология» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарады.
  Молдакимова Назира Асылбекқызы – 2007 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «үздік» бітірді. 2007-2009 жылдары «6N0607 – Биология» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2008-2011 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінде «6D060700 – Биология» мамандығы бойынша докторантурада оқыды. Бүгінгі күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өсімдік биотехнологиясы және микробиология кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарады.
 Жұмабекова Дина Қалиханқызы – 2008 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «050607 – Биология» мамандығы бойынша «үздік» бітірді. 2008-2010 жылдары «6N0607 – Биология» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2006 жылы Адам анатомиясы пәні боынша аймақтық пәндік олимпиадасына қатысып, жүлделі орынға ие болды. Бүгінгі күні С. Торайғыров атындағы ПМУ «Биология және экология» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарады.
 Уалиева Римма Мейрамқызы - «Алтын белгі» төс белгісінің иегері, биология бойынша қалалық, облыстық, аймақтық және Республикалық олимпиадаға қатысушы және жеңімпазы. «Жас ғалым», «Жас талап» ғылыми-зерттеу жобаларының қатысушысы. 2012 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «үздік» бітірді. 2012 жылы «6M060700 – Биология» мамандығы бойынша магистратураға түсті. Қазіргі таңда «6D060700 - Биология» мамандығы бойынша докторантурада оқиды.
 Төлеутаев Сағын Сайранұлы - 2010 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «050608 – Экология» мамандығы бойынша «үздік» бітірді. 2010- 2012 жылдары «6M060800 – Экология» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. Бүгінгі күні С. Торайғыров атындағы ПМУ «Биология және экология» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарады.