«Биология и экология» кафедрасының тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының мақсаты – оқушылардың жан-жақты үйлесімдік дамуына бағытталады:

• жеке тұлғаны позитивтік қасиеттерге тәрбиелеу;

• белсенді өмірлік ұстанымына шыңдау;

• өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін арттыру, өзін-өзі бақылау қабілеттері;

• өзіндік бедел сезіміне тәрбиелеу;

• рухани және адамгершілік қасиеттерін дамыту;

• жеке тұлғаның физикалық саулығын дамыту;

• мінез-құлық мәдениеті;

• экология мәдениетіне.

Тәрбиелеу үдерісінің мәселелері болып саналады: 

• эстетикалық құндылықтар және эстетикалық нормалар бірлігінде отансүйгіштікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның азаматтық құқықтары мен отан заңдарын сыйлау;

• дүниеге көзқарас суретін студент санасында қалыптастыру;

• өмір мәнін, өз бірегейлігі мен құндылығын түсінуде студенттердің философиялық-дүниетанымын бағыттау;

• жалпы адами және мәдени байлықтарды айқындайтын мәдени құндылықтар жүйесіне қатыстыру, оған деген жеке тұлғаның қатынасын қалыптастыру;

• жалпы адами гуманизм нормаларын меңгеру (шындық, әділдік, сұлулық, жақсылық, өзара түсіністік, қайырымдылық, жан ашу, көңіл білдіру және т.б.), белгілі тұлғаның қасиеті ретінде зиялылықты әдетке айналдыру, тарату және өмірде оған бой ұсыну;

• еңбекке қатынасты әлеуметтік және жеке мәнділі қажеттілікке айналдыру;

• салауатты өмір салты жөніндегі көзқарасты дамыту.

С. Торайғыров атындағы ММУ ТЖ жоспары мен ФХТ ТЖ жоспарына сәйкестікте кафедрада тәрбие жұмысы жүзеге асырылады.

 Барлық курстардың студенттері университетте өткізілетін әртүрлі іс-шараларға жүйелі түрде қатысады. 

- 2014-2015 оқу жылы алғаш рет студенттік балл өткізілді, оған экология және биология кафедрасының студенттері қатысты. Б-101 тобының студенті Махаббат Қанабекова бірінші орынға ие болды. 

- 8 қазаннан бастап 18 қазан бойы студенттік өзін-өзі басқару онкүндігі шеңберінде студенттер мен факультет ОПҚ әртүрлі университеттік ісшараларға қатысты: спорттық жарыстар, «ММУ Миссі» сұлулық конкурсы, «ММУ – менің алғашқы махаббатым» шығармалар конкурсы, ФХТжЕ студенттеріне арнау, ректор кубогына футболдан турнир, флеш-моб дене-шынықтыру, мемлекеттік тілде кәсіби терминологияны білдуен оқытушылар мен студенттер арасындағы «Тіл шебері» конкурсы.

- Жастардың электоралды белсенділігін арттыру жөнінде іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру шеңберінде 2014 жылдың 5 қазанынан бастап 6 қазаны бойы Павлодар облысының аумағында факультет студенттері мен ОПҚ әртүрлі университеттік іс-шараларға қатысты: БҒМ өкілдерімен кездесу, студенттік омбудсменін сайлау. 

Академиялық топтар кураторларымен төмендегі тақырыпта кураторлық сағаттар өткізілді:

- «Қазақстан Респубикасының Конституциясы күні»;

- «Адам құқықтары жөніндегі Конституцияның негізгі ереежелері және оларды орындау»;

- «Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздік күні»;

- «Қазақстан Респубикасының Бірінші Президенті күні»;

- «Мемлекеттік тілде сөйлеу – біздің азаматтық парызымыз»;

- «ҚР-да бәсекелестікті арттыру – білім мен ғылымның жаңа көкжиектері».

ҚР Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналған іс-шаралар шеңберінде 2014 жылдың 26 қарашасынан бастап 1 желтоқсаны бойы факультет студенттері мен ОПҚ әртүрлі іс-шараларға қатысты: «Назарбаев – ҚР мемлекеттік тәуелсіздігігі негізін қалаушы», « Нұрлы Жол» тақырыптарына шығармалар конкурсы, «Небо моего детства» фильмін көру, «Мемлекеттің қалыптасу тарихы» курс лекциялыр және т.б.., Қазақстан студенттері Альянсы белсенділерінің Flash-mob, «Менің президентім» тақырыбына кураторлық сағаттар және т.б.., «Бірінші Президент феномені» ғылыми-практикалық конференция, спорттық жарыстар, «Қазақстан жасасын! викторина –концерті, Елбасы жасасын!» (Қазақстанның қалыптасу тарихы жөніндегі, 9 факультеттің қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны туралы ақпараттық-таным викторинасы).

Академиялық топтардың кураторларымен «Қазақстан Респубикасының Конституциясы күніне» арналған кураторлық сағаттар өткізілді.

С. Торайғыров атындағы ММУ-да Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің жастар ісі жөніндегі Комитетімен, «Студенттік өзін-өзі басқару және даму» Корпоративтік қормен ұйымдастырылған «Таза сессия» кең ауқымды сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы акция өтті. 

«Таза сессия» акциясын өткізудің негізгі мақсаты – студенттердің белсенді азаматтық ұстанымы мен құқықтық санасын қалыптастыру, ҚР сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы заңнамаларын бұзушылыққа төзбеушілік болып саналады. Іс-шараға ХжХТ кафедрасының барлық студенттері қатысты. 

Акция барысында жемқорлыққа қарсы насихат жұмысы жүргізілді. Университеттің барлық ғимараттарында студенттердің ескертпелері мен ұсыныстары үшін «Сенім жәшіктер» орнатылды. Осыдан басқа емтихандық сесиясы кезеңінде келеңсіз жәйттерге байланысты, мәселелерді ашық талқылау ұйымдастырылды, емтихандарды қабылдау және білім беру қызметтерін ұсыну сапасына қанағаттану затына студенттермен сауалнама жүргізілді. 

- Әр студент, магистрант сапалы білім беруде өз құқықтары шеңберінде әділдікке жету және сессиялар кезінде жемқорлық жәйттеріне келіспеушілік көрсетуі тиіс. С. Торайғыров атындағы ММУ-да жемқорлықтың алдын-алу жөнінде жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізіледі. 

Іс-шаралар емтихандық сессиялардың таза және обьективті өтуін қамтамасыз ету, жемқорлықтың алдын-алу, сондай-ақ оқу мекемесінде заңды бұзушылыққа оқитын студенттердің қырағылығын арттыру мақсатында өткізіледі. 

Әйелдерге қатысты барлық дискриминация түрлерін жою жөніндегі Конвенцияның ережелеріне сәйкестікте, 2014 жылдың 3 желтоқсанында 15.00-де, С.Торайгыров атындағы ММУ-ң, А-5 аудиториясында Павлодар қаласының құқық қорғау органдары өкілдерінің бірге қатысуымен «Әйелдерге қарсы күш көрсетуді жоямыз» деген атпен семинар өткізілді. 

Б-102 топ студенті Наталья Дремова қазақ тілі жөніндегі конкурсқа қатысып, екінші орынға ие болды. 

Б-101 топ студенті Ерболат Абдусат «Студент талант» конкурсына қатысып, жүлделі орынға ие болды..

Б-101 топ студенті Махаббат Қанабекова «Студенттік бал» конкурсына қатысып, бірінші орынға ие болды.

Уәлихан Жайдарбек КВН-ға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 

Студенттерді біздің университеттің әртүрлі спорттық секцияларына тарту жөнінде жұмыстар атқарылды. 

31 мамырда Б-101 топ студенттері ММУ-ң бірінші парашюттік командасын құруға арналған спорттық іс-шараға белсенді қатысты. 

Сондай-ақ, кафедра студенттері жарыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды:

1. Мәдина Қарақұлова халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып, бірінші орындарға ие болды.

2. Анастасия Кузьмина жеңіл атлетика бойынша қалалық жарыстарға қатысты.

3. Кәмила Әлібекова бадминтон бойынша жарыстарға қатысты. 

4. Сұлтан Құлмағанбетов футбол бойынша облыстық жарыстарға, универсиадаға қатысты.

5. Эк-201 топ студенті Т. Мейрамов армреслинг бойынша жарыстарда бірінші орынға ие болды. 

Кафедра студенттері ЖОО-да өткізілетін конференцияларға белсенді қатысады. 

5В060800 «Экология» мамандығы бойынша студенттер: Е. Жазубай, Ш. Әмір , С. Аманжол , А. Асайынова, Н. Дүйсембай «Жас ғалым» жобасына қатысты.

Б-201 топ студенттері А. Аязбаева, М. Қабдолла , С. Тәбікенова халықаралық «Сократ» конкурсына қатысып, бірінші орынға ие болды. 

Эк-201 топ студенті И. Шегетаева «Жас зерттеуші» зияткерлік турниріне қатысып, екінші орынға ие болды.

Эк-201 топ студенті А. Қабдыкәрімова «Жас зерттеуші» зияткерлік турниріне қатысып, екінші орынға ие болды.

Эк-201 топ студенті М. Жұмаділов «Жас зерттеуші» зияткерлік турниріне қатысып, бірінші орынға ие болды.

Б-201 топ студенті С. Тәбікенова және Б-301 то студенті М. Жүсіп халықаралық «Сократ» конкурсына қатысып, екінші орынға ие болды.