Қаржы-экономикалық факультеті

«Есеп және аудит» кафедрасы

5B050800 «Есеп және аудит»

(бакалавриат)

Кафедрада есеп және аудит облысындағы студенттерді дайындау 1994 жылдан бастап жүргізіледі. 2003 жылдан бері есеп және аудит бакалаврларын дайындау жүзеге асырылады. Жоғары білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялаумен байланысты С. Торайғыров атындағы ПМУ-де студент өзінің жеке оқу жоспарын құрастыруда дербес қатысатын, яғни бүкіл оқу кезеңіне білім траекториясын өзі анықтайтын білім берудің кредиттік технологиясы енгізілген. Оқытудың кредиттік жүйесінің артықшылықтары білім беру саласындағы әлемдік тәжірибемен расталған. Білім берудің кредиттік технологиясын қолдану әр түрлі сфералардағы кәсіби әрекетін жүзеге асыруға қабілетті есеп және аудит бакалавларын дайындауға бағытталған.

Жоғары білімі бар бакалавларды дайындау оқытылатын пәннің профиліне сәйкес базалық білімі бар және жүйелі түрде ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстармен айналысатын ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі. Кафедраның оқу үрдісіне жоғары маманданған оқытушылар – республиканың алдаңғы қатарлы ЖОО-ның ғылым докторлары, тәжірибе мамандары, ірі кәсіпорындардың бас бухгалтерлері жұмылдырылады. Студенттермен жұмыс істейді: э.ғ.к., доценттер Мусина А.Ж., Шамрай И.Н., Смагулова Р.И., Наукенова Б.Н.,  доценттер Ли Р.С., Бархатова Т.П., аға оқытушылар Назаренко О.В., Богданова Е.А., Чуб Л.И.,  Темирова Г.Г., Амеркулова А.С., Буката О.Р., Бейсембаева Г.К., Темиргалиева А.Б. және т.б.

Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент Мусина Алма Жумагельдыевна.

Кафедра оқытушылары аспираттармен, магистранттармен және студенттермен бірлесе ынтымақтастық жөніндегі келісіммен бекітілген зерттеулерге ғылыми бағдарламалар әзірлейді.

Кафедраның жетекші оқытушылары сертификатталған бухгалтерлер (САР, СIРА) болып табылады және ПРАГМА халықаралық корпорациясымен жүргізілетін бухгалтерлерді халықаралық сертификациялау бағдарламасы шегінде есеп студенттері мен мамандарын дайындауды іске асырады.

ДАЙЫНДАУДЫҢ МАЗМҰНЫ

С. Торайғыров атындағы ПМУ-де білім алу кезінде 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығынығ студенттері жалпы білім беру, базалық және кәсіби пәндер бойынша міндетті дайындықтан өтеді.

Базалық пәндер циклы бойынша  есеп және аудит бакалавры экономикалық теория негіздері мен экономикалық заңдарда, микро- және макроэкономика мәселелерінде, статистикалық зерттеудің, маркетингтің тәсілдері мен әдістерінде, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселелерінде және т.б. білікті болуы қажет.

Кәсіби пәндер циклы бойынша студенттер I, II қаржылық есеп, , II басқару есебін, практикалық аудитті, басқару және қаржылық талдауын, бизнесті бағалау, экономика салаларындағы  есеп және аудит ерекшеіктерін, басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық есептілікті талдау пәнерін зерттейді.

МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Есеп және аудит саласындағы бакалаврларды дайындау үрдісі «Есеп және аудит» кафедрасында жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Дәріс, тәжірибелік, лабораториялық және семинар сабақтарын жүргізудің әдістері мен формалары үнемі жетілдіріліп отырады.

Студенттердің ғылыми жұмыстарға: ЖОО, халықаралық ұйымдар мен қорлар өткізетін семинарларға, конференциялар мен байқауларға қатысу мүмкіндіктері бар.

Осы байқаулардың жүлдегерлері байқауды ұйымдастырушылардың сылықтарымен және стипендияларымен марапатталады. Жақсы оқу мен шетел тілін меңгерген жағдайда 2-4 курс студенттері шет елдерде: Англияда, АҚШ-да, Австралияда, Германияда және т.б. елдерде білім алу мүмкіндіктері бар.

Кафедраның оқытушылары мен студенттері жетекші ЖОО-мен: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, ҚХЭҚИ, Букетов атындағы ҚарМУ және т.б. оқу орындарымен ұзақ мерзімді әрі нәтижелі ынтымақтастықта.

Білім алу кезінде  біздің студенттеріміз облыстың және қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында, ірі банктер филиалдарында оқу және өндірістік тәжірибелерін өтеді.

Берілген мамандықтың түлегі қаржы және басқару есебін игерген, қаржылық есептілікті құрастырады, қаржылық есептіліктің аудитін және талдауды жүзеге асырады.

Оқу біткен соң түлектер бухгалтерлер ретінде меншіктің барлық түрлеріндегі ұйымдарда, өндірістік сферада, қызмет көрсету сферасындағы кәсіпорындарда, банктік жүйеде, экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдарында және т.б. жерлерде жұмыс істей алады.

Кәсіби пәндерді зерттегеннен соң жоғарғы курс студенттері САР сертификаттарын алумен кәсіби бухгалтерлер-практиктерге біліктілік емтихандарын тапсыра алады.

Сонымен қатар, ЖОО бітірген соң студенттер оқуларын магистратурада жалғастыра алады.

ОҚУ МЕРЗІМДЕРІ

  • Жалпы орта білім негізінде оқудың ұзақтығы күндізгі бөлімде 4 жылды құрайды.
  • Орта кәсіби білім негізінде (колледжден кейін) оқу ұзақтығы күндізгі және сырттай оқыту бөлімдерінде 3 жылдан кем емес.
  • Жоғары кәсіби білім негізінде оқытудың ұзақтығы сырттай бөлімде - 3 жылдан кем емес.

Оқыту мемлкеттік білім беру гранттары бойынша немесе келісім-шарт бойынша (ақылы) жүргізіледі. Сонымен қатар икемді жеңілдіктер жүйесі қарастырылады.

МАМАНДЫҚТЫҢ СИПАТТАМАСЫ

 

Берілген мамандықтың түлегі – бұл меншіктің барлық формалары мен әрекет сферасындағы кәсіпорындарда басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық әрекетті жүзеге асыра алатын бакалавр.

Осы мамандықтың түлегі қаржы-экономикалық қатынастарын рационалды ұйымдастыру, экономикалық мүдделер мен меншікті қорғау мақсатымен кәсіпорынның, ұйым мен мекеменің табыстары мен шығындары туралы, міндеттемелері мен активтері жөнінде ақпараттың қалыптасуы мен пайдалануы саласындағы кәсіби білімдерді меңгерген. Оқу бітірген соң 050508 «Есеп және аудит» мамандығының түлегі   

біледі:

  • қазіргі заңдар жинағын, нормативті және басқа да құқықтық құжаттарды;
  • бухгалтерлік есептің, аудиттің және экономикалық талдаудың, қаржылық менеджменттің ұйымдастырылуын,

сонымен қатар персоналды және т.б. басқаруды;

істей біледі:

  • активтердің бар болуы мен қозғалысының есебі бойынша жұмыстар орындауды, салықтар мен басқа міндетті төлемдердің сомаларын есептеуді;
  • тиімді есеп саясатын таңдау негізінде есеп пен есептіліктің рационалды ұйымдастырылуын  қамтамасыз етуді;
  • тиімді шаруашылық шешімдерн қабылдау мақсатымен басқару және қаржылық талдауды жүзеге асыруды;

дағдылары бар:

  • ЭЕМ келесі бағдарламалары бойынша: Word, Excel, Access,1С:Бухгалтерия және т.б.;
  • есеп, аудит, талдау және қаржылық есептілікті құрастыру саласындағы кәсіби білім мен тәжірибелік жұмыс;

білікті:

  • кәсіпкерлік және шаруашылық заң шығарушылықтарда;
  • елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатында;
  • Экономика салаларының бухгалтерлік есеп ерекшеліктерінде.

БІЛІКТІЛІК

050508 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқытудың толық курсын ойдағыдай өткен соң түлектерге «есеп және аудит бакалавры» академиялық дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.


«ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙ ОТЫРА СІЗ ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАЙСЫЗ!

Біз Сізді С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде күтеміз

 

Біздің мекен-жайымыз:

Павлодар қ., Ломов к., 64

«Есеп және аудит» кафедрасы

тел.: (8-7182) 67-36-43 (ішкі 1141), № 426 кабинет

 

Қосымша ақпарат мына мекен-жай бойынша:

Павлодар қ., Ломов к., 64

Қабылдау комиссиясы: тел.67-37-73, каб. 132а

Дайындық курстары: тел. 67-36-50,  каб. 202

 

Төртінші тестіленетін пән – география

 


 

Certified
by Russian Register